Жетісай АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның базар ішіндегі қоймасына белгісіз біреу кіріп, жинаулы тұрған 22 блок энергетикалық сусындарын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 170 000 теңге. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.
   Хабар алысымен жетісайлық полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары шұғыл оқиға орнына барып, айналаны мұқият қарап шықты. Бейнебақылау камераларын тексеріп, көрген-білгендерден жауап алды. Жинақталған ақпарат көздерінің нәтижесінде, күдікті ретінде 4 жас жігіт құрықталды.
  Анықталғандай, жұмыссыз жас жігіттер жеңіл жолмен ақша табу мақсатында, таңғы сағат 4-5 шамасында базарға келген. Содан қойманың есігін бұзып кіріп, сусындарды жымқырып кеткен. Ұрланған заттарды сатып, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазіргі таңда күдіктілер қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
   Өз кезегінде тәртіп сақшылары ескертеді: Мүліктеріңізге сақ болып, қараусыз қалдырмаңыздар. Үйлеріңізге, ғимараттарыңызға, сауда орындарыңызға бейнебақылау камераларын орнатыңыздар.
Түркістан облысының полицейлері қоймадан энергетикалық сусын ұрлаған төртеуді ұстады

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған