Мақтаарал АПБ-нің ЖПҚБ-нің учаскелік полиция инспекторлары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау мақсатында, жалпы 4128 әкімшілік құқықбұзушылық тіркеді.
 Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ерекше бөліміндегі тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидатын жүзеге асыруға, азаматтардың құқықтық сана-сезімін қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға тікелей әсер ететін Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен белгіленген баптары бойынша, 2021 жылдың 2-айында жалпы нөлдік төзімділік қағидаты бойынша 1324 құқықбұзушылық анықталса, өткен жылы 655 анықталған.
   Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен «Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер» 23, 133-бабы «Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы» бойынша 2 құқықбұзушылық, 200-бабымен «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» 5, 204-бабымен «Белгiленбеген орындарда сауда жасау» 125 құқықбұзушылық, 408-бабы «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзуы» бойынша 350, 434-2 бабымен «Ортақ пайдаланатын орындарды ластау» 273 құқықбұзушылық тіркелген.
  Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша 6 жайт тіркелсе, 596-бабымен «Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу» 15, 590-бабымен «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» 1, 437-бабымен «Тыныштықты бұзу» 10 құқықбұзушылық, 440-бабы «Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» бойынша 106, 441-бабымен «Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге тыйым салуды бұзу» 66, 442-бабы 2 бөлігімен «Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерiнің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы» 125 құқықбұзушылық және 449-бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» бойынша 236 құқықбұзушылық анықталып, әкімшілік шара көрілген.
  Мәселен, Мақтаарал ауданының жергілікті тұрғыны өзінің басқаруындағы «Ваз 21015» маркалы ресейлік автокөлігіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік белгісін тағып жүргені анықталған. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы «Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша іс-құжаттар жинақтап, заңды шешім қабылдау үшін Мақтаарал аудандық сотына жолдаған.
  Осы тұста полиция қызметкерлері ескертеді: Жол жүру қағидаларын қатаң сақтаңыздар. Қандайда бір құқықбұзушылықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөмірі арқылы полицейлерге хабарласыңыздар.
ТО ПД-ның баспасөз қызметі.
Түркістан облысының полицейлері екі ай ішінде жалпы 4000-нан астам құқықбұзушылықты тіркеді

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған