Жетісай ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында, аудан әкімі Мұрат Болатұлының басшылығында. Түркістан облысы бас санитарлық дәрігерінің № 8-ші қаулысын орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жиын өтті.
   Жиында қаралған негізгі басым бағыттар, Жетісай ауданы аумағында қауіпті індеттің кең таралуына жол бермеу, азаматтардың маскалық режимде жүруін қадағалау, қаулыда көрсетілген тыйымдардың орындалуын жүзеге асыру бойынша сөз қозғалды. » Ауруды ауыздықтаудың жалғыз жолы вакцина екенін аудан азаматтарына түсіндіру қажетпіз. Қажет болмаса адамдар көп шоғырланатын жерлерге бармауға, ауызашар, діни рәсімдерді өткізбеуге шақыруға тиіспіз. Одан бөлек мобильді топтың жұмысын тоқтатпау керекпіз» деді аудан әкімі Мұрат Болатұлы.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
ШТАБТЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған