2021 жылдың 6 тамызында болып өткен Түркістан облыстық Ардагерлер Кеңесінің VIII конференциясына облыс әкімі Ө.Е.Шөкеев және төраға Ж.Мәуленқұлов бастаған облыс ардагерлері қатысты. Онлайн режимінде өткізілген конференция жұмысына сонымен қатар Шардара ауданы әкімі Қ.Жолдыбай, аудан әкімі орынбасары Б.Қ.Шомпиев, ішкі саясат бөлімі басшысы Б.А.Таласов және шардаралық ардагерлер атынан делегат ретінде сайланған Аудандық Ардагерлер Кеңесі төрағасы орынбасары Б.Рахматуллаев, Еңбек ардагерлері Д.Өзденбаев, Қ.Сейсендер де қатысып, бүгінгі таңдағы ардагерлер жұмысы туралы мағлұматтарға қанықты. Есеп беру сайлау конференциясында баяндама жасаған Түркістан облысының Ардагерлер Кеңесі төрағасы Жеңісбек Мәуленқұловқа қолдау білдірген барша ардагерлер қауымы оны келесі мерзімге төраға ретінде сайлады.
ШАРДАРАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған