НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ МЕН ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ БАСТАУЫ
   Құрметті мақтааралдықтар!
 Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
 Наурыз мейрамы ежелден жаңару мен жасампаздықтың, ырыс пен берекенің арқауы болған.
 Ұлыстың ұлы күні – көңілде кірбің қалмай қауышатын, түсіністікпен табысатын күн. Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін Табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымыз Наурызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы деп бағалаған.
  Бүгінде Қазақстанды татулық пен келісімнің бесігі деп айтады. «Бір елі, бір тағдыры, бір мақсаты» бар халықтың бірлігі мен берекесінен асқан ешнәрсе жоқ. Біз, бүгінгі ұрпақ, ұлттық мұраларымызды сақтай отырып, ата-бабаларымыздың дәстүрлерін құрметтеп, оны одан әрі дамыта беретін боламыз.
Наурыз біздің бірлігіміздің, төзімділігіміздің, имандылық пен қайырымдылығымыздың белгісіне айналды. Мейірімділік, жақынына қол ұшын беру – қашанда біздің халқымыздың басты құндылығы мен дәстүрі болды. Әрбір ұжым, ауданымыздың әрбір тұрғыны жақсы істің басынан табылып, елімізде іске асып жатқан ұлы істерге өз үлесін қоса береді деп сенім білдіремін.
  Ұлыстың Ұлы күні отбасыларыңызға береке мен бірлік, елімізге ырыс пен ынтымақ, тыныштық пен жақсылық әкелсін!
    Ақ мол болсын, жыл жемісті болсын, жерлестер!
Ізгі ниетпен,
Мақтаарал ауданының әкімі
АСАНОВ БАҚЫТ НАСЫРХАНҰЛЫ.
НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ МЕН ЖАСАМПАЗДЫҚТЫҢ БАСТАУЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған