Құрметті ұстаздар, әріптестер!

Сіздерді 5 қазан – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің ерен еңбектеріңіз тек білім берумен шектелмей, ұрпақ тәрбиелеудегі зор жауапкершілікті де арқалап жүрсіздер.

Жас буынның келешегіне бағыт-бағдар беріп, олардың армандары мен мақсаттарына жету жолындағы жетекшісіздер.

Сіздердің ұстаздық жолда талмай еңбек етулеріңіздің арқасында қоғамның рухани және мәдени байлығы артып, ұрпақтан ұрпаққа білім мен тәлім-тәрбие жеткізіледі.

Шәкірттеріңіздің жетістіктері — Сіздердің де өлшеусіз сіңірген еңбектеріңіздің нәтижесі.

Барша ұстаздар қауымына зор денсаулық, шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер мен табыстар тілеймін!

Құрметпен, Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алматов Ғалымжан Бауыржанұлы

МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған