Жақында аудандық ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мекемесінің мамандары Мырзакент кентінің тұрғындарына негізіненкәсіпкерлікке қатысты 12 бағыт бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сол жұмыстар асында кент тұрғындарына:
2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті қолдауға арналған «Ұлттық жобасы» шеңберінде жастарға арналған жеңілдетілген шағын 2.5% несие;
«Алғашқы жұмыс орны»;
Қоғамдық жұмыстар;
«Жастар практикасы»;
Әлеуметтік жұмыс орны;
«Бастау-Бизнес»;
«Жасыл ел» жастар еңбек жасағы;
Студенттік құрылыс отряды;
«Дипломмен ауылға»;
«Болашақ»;
ОАОО Білім алуға бөлінген мемлекеттік гранттар;
«Серпін-2050 мәңгілік ел жастары – индустрияға» – сынды бағдарламаларға қатысты жан-жақты түсіндіріліп айтылды. Мекеме тарапынан мұндай түсіндірме жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.