Мақтаарал ауданының жұртшылығы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтті. Аудан орталығы Мырзакент кентінің орталық алаңында өткен салтанатты шарада аудан әкімі Бақыт Асанов аудан тұрғындарын еліміздің ең Ұлы мерекесімен құттықтады.
   «Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап жас мемлекетіміздің қаз тұрып қалыптасуына, бүгінгі шыққан биігі мен қол жеткізген жетістіктерінде Мырзашөл өңірінің, оның ішінде Мақтаарал халқының қосқан үлесі зор. Азат елдің ұрпағы ретінде біздің алдымызда тәуелсіздік жылдары жасалған игілікті істі жоғалтпай, халықтың бірлігін сақтап, ынтымақ пен татулықты одан әрі нығайту, ұлттық рух пен туған тілімізге, ата-баба дәстүріне қамқорлық жасау міндеті тұр. Барша аудан халқын еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық, амандық тілеймін!» – деді Бақыт Насырханұлы.
  Құттықтау сөзінен аудан басшысы бірнеше азаматтарға «ауданның құрметті азаматы» наградасын табыстап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді үлес қосып жүрген бір топ қызметкерлерді алғыс хатымен марапаттады. Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың хатшысы Қадір Сәрсекбаев құттықтау сөзге шығып, елдің дамуына атсалысып жүрген қызметкерлерге өзінің алғысын білдірді.
   Тәуелсіздіктің тойында ауданның жалпы орта мектептері тарапынан көрме қойылып, ұстаздар мен оқушылардың мерекеге деген түрлі өнер туындылары қалың көпшілікке ұсынылды. Сондай-ақ, тұрғындар ауданның этно-мәдени орталықтары тарапынан әзірленген ұлттық тағамдардан дәм татты.
Мереке аясында арнайы палау фестивалі ұйымдастырылып, тұрғындарға тегін палау таратылды. Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, қалың көпшілік Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойын жоғары көңіл-күймен атап өтті.
МАҚТААРАЛДЫҢ ХАЛҚЫ ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАП ӨТТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған