МАҚТААРАЛДЫҚ ШАРУАЛАР ҚАҢТАРДЫҢ ӨЗІНДЕ 160 ГЕКТАР АЛҚАПҚА ҚЫРЫҚҚАБАТ ДАҚЫЛЫН ЕКТІ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының еңбекқор шаруалары қаңтардың әрбір сәтті күнін пайдаланып қырыққабат дақылын егуде. Егістік алқаптартарда қазірдің өзінде 70-тен астам брига, 4 мыңнан астам жұмысшылар қызу жұмыстарды жүргізуде.

Қаңтардың суығы мен жауын-шашынына қарамастан егістік алқапта жұмыс жасап жатқан қожалықтардың бірі – «Аллажар» шаруа қожалығы.

Аллажар Әбдірахмановтың басшылығындағы қожалықтың еншісінде 7,2 гектар жер бар болса, соның 4,2 гектарына ерте пісетін қырыққабат дақылы егіліп жатыр. Қазіргі таңда 60 адамнан құралған бригада егістік алқабында тынбай жұмыс жасауда.

«Жұмысшыларға күніне 5000 теңгеден еңбек ақысын төлеудеміз. Қырыққабаттың «Галикан Ф-1» және «Ринда» атты сорттарын егіп жатырмыз. Негізінен 2 айдың көлемінде еккен егініміз пісіп жетіледі. Егілген көшеттің үстін жапқышпен жауып, жауын-шашыннан қорғаймыз. Ең бастысы – күтіп-баптауға үлкен мән берілуі керек», – деді, А.Әбдірахманов.

Ерте пісетін қырыққабат өніміне еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс өте жоғары. Қазірдің өзінде Мақтаарал ауданы бойынша 160 гектар жерге қырыққабат дақылы отырғызылған. Жалпы биыл 500 гектарға жуық жерге ерте егілетін көкөністер егу жоспарланып отыр.

Қырыққабат дақылы ерте пісетіндіктен, мақтааралдық диқандар оның соңынан қауын-қарбыз, мақта сияқты т.б. дақылдар егуге кіріседі. Осылайша жер емген шаруалар 1 жылда екі рет, тіпті үш рет өнім алады.

Айта кетейік, өткен жылы мақтааралдық шаруалар 20 мың тоннаға жуық көкөніс өндіріп, оның 80%-на жуығын ТМД елдеріне, Прибалтика елдеріне, Түркия, Германия, Греция елдеріне экспортаған.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

МАҚТААРАЛДЫҚ ШАРУАЛАР ҚАҢТАРДЫҢ ӨЗІНДЕ 160 ГЕКТАР АЛҚАПҚА ҚЫРЫҚҚАБАТ ДАҚЫЛЫН ЕКТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған