Мақтаарал ауданында Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты кеш өтті. Іс-шарада аудан әкімі Бақыт Асанов барша мақтааралдықтарды айтулы мерекемен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына атсалысып жүрген азаматтарды марапаттады.
   «Тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті халқымыздың татулығы мен бірлігінің, Отанымыздың өркендеп алға басуының басты шарты бола білді. Егеменді ел болған Қазақстан ширек ғасыр уақыт аралығында ұлттық бірліктің үлгілі модельіне айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев бүкіл саналы ғұмырында Қазақстан халқының бақытты өмірі, баянды болашағы үшін бар қажыр-қайратымен еңбек етті. Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен тағы да құттықтай отырып, әрбір отбасына амандық, баянды бақыт, мол қуаныш тілеймін. Қашан да тұғырымыз – тыныштық, тірлігіміз – тұрақтылық, тілегіміз татулық болсын!» – деді Бақыт Насырханұлы.
   Салатанатты кеш барысында Елбасының сыныптасы Рауза Төлемісова, ауданның құрметті азаматы Қасымбек Хаметов, зейнеткер Акабай Құдайқұловтар Нұрсұлтан Әбішұлы туралы естеліктерімен бөлісіп, оның елімізді дамытудағы еңбектерін елеп, кейінгі ұрпаққа үлгі болуы үшін Тұңғыш Президент күнін атап өтудің маңызы зор екендігін жеткізді.
  Айта кетейік, іс-шарада мерекелік әндер айтылып, Елбасы туралы және Тұңғыш Президенттің сөзіне жазылған әндер айтылды.
Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
МАҚТААРАЛДА ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ КЕШ ӨТТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған