Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 21 қаулысына сәйкес, Түркістан облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары кезең-кезеңімен жеңілдету қарастырылған. Яғни спорттық, мерекелік, мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен форум, мерекелік корпоративтер, отбасылық тойлар тек «Ashyq» жобасына енген ғимараттарда белгілі адам санын асырмай өткізу көзделген. Ал, тұрғылықты мекен-жай бойынша үйде той өткізуге, құдалық, беташар т.б. тойларға тыйым салынған.
   Қоғамдық орындарға (бөлмелерде, кәсіпорындарда, мекемелерде, базарларда, сауда обьектілерінде қоғамдық көліктерде) және қызметіне рұқсат етілген обьектілерге барған кезде, сондай-ақ ашық ауада орналасқан қоғамдық орындарда болған кезде маска кию, 1,5-2 м. әлеуметтік арақашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталу қажеттігін ескертеміз.
   Аудан көлемінде мобильді топ жасақталған, жыл басынан бері талаптардың орындалуын қадағалайтын арнайы мамандар тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Бүгін Атакент кентінде орналасқан автобекеттің басшылығы мен қалааралық көлік тасымалымен айналысатын көлік жүргізушілерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, адам тасымалы кезінде және автобекетте адам шоғырланған жерлерде маскалық режимді сақталуын бақылауда ұстау қажеттігі автобекет басшылығына ескертілді.
   Бүгінгі таңда көрші мемлекеттерде коронавирус ауруы күрт өсу жағдайлары байқалады, сол себепті алыс облыс, қалалардан келетін азаматтар өз денсаулығынан бөлек айналасындағы азаматтардың денсаулық қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамауын, медициналық талаптарға сәйкес бетперде режимін сақтауын сұранамыз.
  Аудан көлемінде коронавирус пен пневмония ауруының өршіп кетуінің алдын алу мақсатында алдағы уақытта мектеп, білім мен тәрбие ошақтары, сауда орындары, т.б. адам шоғырланатын мекемелердегі карантиндік талаптар (маска кию, антисептик, арақашықтық т.б.) сақталуына бақылау жүргізу үшін мобильді топ өкілдері тұрақты түрде аралайтын болады.
МАҚТААРАЛДА МОБИЛЬДІ ТОП ӨЗ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған