Бір аптадан бері толассыз жауған жауынның салдарынан Мақтаарал ауданында бірнеше елдімекендердің көшелері мен тұрғын үй аулаларын су басу жағдайлары орын алуда. Мұндай жағдай Мырзакент кентінің Мөлтек ауданында ғана емес, кенттер мен округтердің барлығында тіркелуде.
10 наурыздан бастап бүгінге дейін аудан әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы күн сайын сағат 10:00 және 17:00-де өтуде.
2022 жылдың 12 наурыз күні сағат 07:45 уақыт шамасында Бірлік ауылдық округіне қарасты егістік жерлердің сорлануын шаюдан жинақталған ағын сулар мен толассыз жауған жауын-шашыннан қалыптасқан судан №32 «Батыс» коллекторы толып, ернеуінен шығуына байланысты Атакент кентіне су басу қауіпі туындады. Жергілікті жерге аудан әкімдігінің және аудандық төтенше жағдайлар мен Азаматтық қорғаудың инженерлік құрылымының жеке құрамдары мен арнайы техникалары (15 жеке құрам, 6 техника) шұғыл жеткен.
Жинақталған судың Батыс-32-2 коллекторы арқылы «Батыс-32» коллекторына түсетін жері бұғатталды және К-18, К-20 каналдарына судың түсуі шектелді. К-18 каналы мен коллекторлар аралығында 100 метр жері, қазылып жинақталған сулар «Шығыс-43» коллекторына тасталуда.
«Шығыс-43» коллекторының Өзбекстан Республикасымен шектесетін шекараның бейтарап (нейтральный) аумағындағы екі жағында орнатылған темір торлары (сетка) алынып, су өткізгіш қабілеті арттырылды. Сонымен қатар, Атакент кентінің (белый школ) егістік алқаптардың аяқ жағынан 3 бірлік су сорғыш насостары орнатылып, К-18 каналына тасталуда. Аталған канал мен коллектор аумағына «ҚазСушар» РМК аудандық өндірістік филиалы тарапынан кезекшілік ұйымдастырылып, 2 бірлік арнайы техникалар қойылған.
2022 жылдың 12 наурыздан бастап қазіргі таңға дейін қатты жауын-шашын салдарынан Атакент, Мырзакент кенттері және Мақтарал, Ж.Нұрлыбаев, Достық, Жаңажол, Жамбыл, Бірлік, А.Қалыбеков, Еңбекші, Иіржар ауылдық округтері аумағында жер асты суы деңгейі көтеріліп, бірнеше үйлердің ауласына су толғандығы жөнінде аудандық №20, №21 өрт сөндіру бекеттерінің байланыс бөліміне және әкімдіктің жедел желісіне тұрғындардан хабарламалар түсуде.
Қазіргі таңда 13 (он үш) Азаматтық қорғау құрылымдарының 286 жеке құрамы, 134 арнайы техникалары мен 206 құрал-жабдықтары төтенше жағдайдың алдын алуға жұмылдырылған. Сондай-ақ, қалыптасқан жағдайға байланысты жалпы 82 бірлік матопомпалар (оның ішінде: төтенше жағдайлар бөлімінің теңгеріміндегі – 11, ТДҰ пайдалану өндірістік бөлімшесі – 1, жеке азаматтардан – 70 бірлік) жұмылдырылып, 11700 куб су аумақтардан тартып шығарылды. Сонымен қатар, көрші аудандардан қосымша мотопомпалар әкелінуде.
Ауданда жұмыс істеп тұрғаны тік дренажды ұңғымалардың саны 98 бірлік, жөндеуді қажет ететіні 57 бірлік, режимге сәйкес тоқтап тұрғаны 32 бірлік.
Айта кетейік, аудандағы жағдайға байланысты аудандық Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен құрылған 129 ерікті жастар тұрғындарға көмек көрсетуде. Жағдай толық жергілікті атқарушы органдардың және төтенше жағдайлар бөлімінің бақылауында.
МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА ТОЛАССЫЗ ЖАУҒАН ЖАҢБЫРМЕН КҮРЕС ЖАЛҒАСУДА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған