Әлeмдeгі әрбiр ұлттың ғacырлaр бойы жинaқтaғaн рухaни бaйлығы дiни құндылықтaрмeн acтaрлаcaтындықтан, қaзaқ хaлқының дa иcлaм құндылықтaрымeн тікелей бaйлaныcатын рухaни бaйлығы мeн дiни құндылықтaры бaр. Иcлaм – бүгiнгi тaңдa он бec ғacыр бойы әлeмнiң миллиaрдтaғaн aдaмдaрының, әр түрлi этникaлық қaуымдacтықтың, оның iшiндe қaзaқ этноcының дa тұрмыc-caлты мен дүниeтaнымынa ықпал eткeн күрдeлi тaрихи жүйе.

Aдaмзaт тaрихының күрe тaмыры – мəдeниeт, aл мəдeниeттiң күрe тaмыры – aдaмзaттың aқыл-ойы мeн ic-əрeкeтiн дүниeгe əкeлгeн ұлттық құндылықтaр. Бұл – баршаға бeлгiлi aқиқaт. Қaй хaлықтың болмacын өзгe жұртқa ұқcaмaйтын болмыc-бiтiмi мен өзiндiк тaғдырын aйқындaйтын дара бeлгiсі – оның мəдeниeтi. Өркeниeттi ұлт, eң aлдымeн, тaрихымeн, мəдeниeтiмeн, əлeмдiк мəдeниeттiң aлтын қорынa қоcқaн үлкeндi-кiшiлi үлeciмeн, caлт-дəcтүрiмeн, əдeт-ғұрпымeн, ұлтын ұлықтaғaн ұлы тұлғaлaрымeн дараланады.

         Ақын-жырауларымыз, билеріміз, ағартушыларымыздың ешбірі діннен, діндарлықтан, имандылықтан айналып өтпеген. Қазақ ойшылы Абай өз шығармасында:

«Алланың өзі де рас, сөзі де рас.

Рас сөз еш уақытта жалған болмас», – деп исламдағы иман келтіру ұғымын негіздейді. Забур, Таурат, Інжіл, Құран кітаптарын айта отырып, кітаптарға иман келтіру қажеттілігін айтады.

Абайдың «Жетінші қара сөзіндегі» «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген Абайдың қарасөздеріндегі дін туралы пікірлері оның діни білімі мен танымын аңғартса, Пайғамбар хадистерінен келтірген мысалдары Абайдың діни дүниетанымының тереңдігін дәлелдей түседі. Ақынның қырық бес қара сөзінің он бірі дін тақырыбына арналған. Олардың ішінде кейбір қарасөздері тек діни мәселелерді қозғайды. Мысалы, «Он үшінші» қара сөзінде иман мен ғибадат, «Жиырма жетінші» қара сөзінде құлшылық, хикмет, ақыл жайында, «Жиырма сегізінші»  қара сөзінде тағдыр, иман, ақыл, ғибадат, «Отыз төртінші» қара сөзінде  ақырет, иман, дүниелік өмір, «Қырық үшінші» қара сөзінде  жан мен тән, ақыл, талап, қуат, «Қырық бесінші» қара сөзінде Алла Тағаланың барлығына дәлел келтіріп, әділет, махаббат туралы баяндайды.

Қазақ халқының дінді түсінудегі басты ерекшеліктерінің бірі – діннің сыртқы формасы емес, ішкі мәніне баса назар аударуы. Бұл тұрғыдан қазақ халқы «құмыраның сыртқы бейнесі емес, ішінде не бар екендігі маңызды» деген қағиданы берік ұстанады.

Осы қағидаға адал қазақ ғұламасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының дүниетанымы бойынша махаббат иесі – Алла. Жаратушы Алла – шүбәсіз, дүниедегі бардың есімі. Сондықтан да ол өлеңдерінде адамдарды Аллаға құлшылық етуге шақырып, адамға зиян келтіретін оғаш қылықтардан сақтануға үндейді.

       Мәшһүр Жүсіптің дін, имандылық тақырыбындағы барлық шығармалары – адамзаттық ұстанымға бағытталған, елді ақ жолға салып көзін ашатын, келешектің жолын нұсқайтын туындылар. Олардың ішінде діни білім беретін, қасиетті Құран Кәрімнің мазмұнын, өсиеті мен өнегесі мол аят-сүрелерін таныстыратын, Мұхаммед пайғамбар хадистерін өлең тілімен баяндайтын шығармалары көп. Ол саналы өмірін ұлттың фольклорлық мұрасын, шежіресін, ұлттық рухани дүниелерді жинақтап, жариялауға арнады. «Баласы дін мұсылман, ояныңдар!» деген өлеңінде қазақ баласына білім алуды насихаттайды.

«Ғылым» шығармасында: «Ғылым-білім немен болады? Ең алды Құдайды, Құдай Тағаланы танымақ. Ол Құдайды қайтсе таниды? Әркім өзін таныса, сонда Тәңірісін таниды», – деп Шәкәрімнің Мұхаммед пайғамбар хадисінен бастау алып, қазақ даласында Ясауи хикметтері арқылы жалғасын тапқан тұжырымдарды жалғастырады.

Ақын Ш.Құдайбердіұлының «Үш анық» еңбегінде оның түрлі діндерге қатысты талдаулары, сыншыл көзқарастары, маңызды ой-пікірлері берілген. Бұл туындысында ақын екі дүниеге де қажетті қасиет – ұждан деп тұжырымдайды. Шәкәрімде алғашқы ақиқат – діни анықтықтың дәлелі ғаламның бір заңдылыққа сүйеніп дамитындығы мен онда кездейсоқтықтың болмайтыны. Ойшылдың тұжырымдауынша, ғаламдағы заңдылық пен үйлесімділіктің түбі Құдайға тіреледі. Екінші ақиқатқа – ғылым ақиқатын, жанмен, оның ажалсыздығымен байланысты ақыл-ойды жатқызады. Ал жанның азығы ретінде ұжданды көрсетті. Ұждан – адамның адамдығы мен адамгершілік қасиеттерінің негізі, қоғамдық дамудың көзі. Қоғамдағы әрбір адамның ары мен ұятын ояту арқылы оны жетілдіру мүмкін екенін айқындады. Ағартушы ретінде адамның ішкі дүниесін жетілдіруді ұсынған ойшыл ерекше жолды нұсқады. Оның нұсқаған жолы – ар ілімінде көрсетілгендей, адамды ең басты құндылық ретінде тану.

«Мұсылмандық шарты» атты еңбегінде «Алла тағаланың барлығын ақылменен ойлап білмек» деген тарауда Алла тағаланың барлығын ақылмен ойлап, иман келтіруге ерекше мән береді. Құраннан, ғұламалардың пікірінен мысал келтіре отырып ойын дәлелдейді: «Құранда Алла тағаланың барлығына дәлел етпек көп. Олай болса ақылменен ойлап білуге бұйырған. Аятта: «Айт, ей пайғамбар, құлдарыма қараңыздар ақыл көзіменен аспандағы һәм жердегі барша жаралған нәрселерге» – деген. Әлбетте, бұларға қарасаңыз құдіретінде өлшеу жоқ бір иесінің барлығын білесіз. …Және адам ойлау керек: осы мені кім жаратты деп. Сонда анық біледі өзіндей бір адамзат жаратпағанын, кім жаратты деуге де болмайтынын. Кім себеп болды десе, оның әкесінің жаратылуына кім себеп болды? …Осылайша ойлағанда әлбетте жоқтан бар қылып бір құдіреті күшті Алла жаратты. Не үшін жаратты?».

«Алла тағаланың бірлігін ақылменен ойлап білмек» деген тарауда Шәкәрім Жаратушының жалғыз екенін философиялық тұрғыда түсіндіреді: «Ей, достар! Алла тағала жалғыз, одан басқа Алла жоқ. Мұны да ақылмен ойлап білу керек. Құранда бұл туралы да аят көп. Олай болса да ақылмен білуге ұғындырған аятты айтайын: «Егер де дүниеде екі құдай болса, дүние бұзылар еді» – деген. Енді ойлап қараңыз, егерде Алла екеу болса,  бір алла бір нәрсені бар болсын десе, бір алла жоқ болсын десе, сол нәрсе бар болар ма еді, яки жоқ болар ма еді. Әлбетте бірінің айтқаны болмай қалады ғой. Айтқаны болмай қалғаны алла болуға лайық болмайды…»

«Адам өзін таныса, Құдайды да танымақ» деп өзін-өзі танудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді: «Ей, достар, адам өзін-өзі таныса, жаратқан Алласын да біледі. Алланың әміріне де мойынсұнады. Сол себептен пайғамбарымыз айтқан: «…пенде өзін анық білсе, Алла тағаланы да анық білер», – деген. …Енді адам өзін-өзі білмекке, әуелі жоғарыда айтылған қайдан жаралдым, не үшін жаралдым, түбінде не болмақпын деген үш сөзді ойласа керек! Одан соң басыма пайда, дүние ахиретіме пайда не іс қылып жүрмін, халыққа не пайда келтіріп жүрмін. Біреуге, яки өзіме зиян қылғаннан саумын ба деп ойлау керек! …Енді байқадыңыз ба, адам өзін-өзі танымақ деген жаратқан иесінің құлы екенін һәм ғибадат үшін жаралғанын біліп, өзін-өзі тексеріп, зиянды істен қашып адал, пайдалы істі қылуға тырыспақ».

         Шығармашылығының басты бағдаршамы – Жаратушыны өз танымы арқылы оқырман жүрегіне жеткізу, Алланың адастырмайтын хақ жолына қалың қазақты бағыттау болған.

       Ұлы  тұлғаларымыздың еңбектерінен халыққа анық әрі жеңіл дәлелді болуы үшін хадистер мен сүннеттерді көп қолдана отырып жазғанын көреміз. Хадистерді қолдануы, қазақ халқының болмысы мен мәдениетіміз исламмен ұштасып, өркениетке нық қадам басқан елміз.

       Тұжырымдап айтқанда, қaзaқ ұлтының бұрыннaн қaлыптacқaн дiни құндылықтaры мeн сaлт-дәcтүрлeрi бaр жәнe олaр бiр-бiрiнe eшқaшaн қaйшы кeлмeгeн. Қaзaқ ұлты үшiн жaңaдaн дiн ойлaп тaуып нeмece бacқa eлдeн дiн мeн мәдeниeт әкeлудiң eш қaжeтi жоқ. Тeк қaзaқ хaлқының қaлыптacқaн caлт-дәcтүрлeрiн, дiни құндылықтaры мeн мәдeниeтiн, тaрихын өcкeлeң ұрпaққa дұрыс түciндiрceк болғaны. Cондa ғaнa eшбiр aғымдaр eлiмiздiң бiрeгeйлiгiнe нұқcaн кeлтiрe aлмaйды.

Ұ.ПЕРДЕН,

  Түркістан облысының дін істері басқармасының 

 «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің   бөлім маманы.

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ  ДІНИ ТАНЫМЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған