Шардара қаласының екінші шағын ауданында тұратын жеке кәсіпкер Бюребаева Еркінай Әуезханқызы 2012 жылдан бері мал бордақылаумен айналысып, аудан халқын жылқы мен сиыр етімен қамтуға өз үлесін қосып келеді. Ол жыл сайын кәсіпкерлік жұмысын жандандыра түсуде.
Осындай аудан, облыс халқына сапалы қызмет көрсетуі, кәсібилігінің арқасында облыстық кәсіпкерлік саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Н.Иманкуловтың Алғыс хатымен, Түркістан облысының Іскер әйелдер Қауымдастығының «Еңбегі жанған арулар» медалімен марапатталды.
Сондай-ақ, нәзік жанды кәсіпкерді аудан әкімі Қайрат Жолдыбай 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, қоғамымыздағы тұрақтылық пен ынтымақтық кепілі, жасампаз істердің демберушісі болып жүре беруіне тілектестігін білдірді.
Бұл марапатты аудан әкімінің орынбасары А.Тәженов табыстады. Сонымен қатар, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ө.Рүстем де Еркінай Әуезқызын төл мерекесімен құттықтап, кәсіпкерлігіне жаңа жетістіктер тілеп, бағалы сыйлық тапсырады.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі
КӘСІПКЕРГЕ МАРАППАТ ТАПСЫРЫЛДЫ