Шардара аудан әкімі Қайрат Жолдыбай тұрғындарға жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауда Серкенова Үміт, Мұратов Оразали Керімұлы, Күленбаев Есенбай Нұрсейітұлы, Мырзагелдиев Тәжiбай, Жамантаев Қанат, Мұсаева Жәудір, Бейсенова Мәнсия, Жастаева Динара, Халмұрзаев Мұхтар, Волкова Любовь Ивановна, Исахова Жамиля, Қожақова Баян, Уалиханов Серік және тағы да басқа тұрғындар болды.
     Тұрғындар тарапынан жұмыс және әлеуметтік көмек беру, жер мәселесі, тұрғын үй, ауыл округiндегi ескі мектепті алу, ауылға стадион салу, жайылымдық жер мәселесін шешу, мал өлексесін тастайтын жаңадан орын қазып беру, ауыз су фильтрін ауыстыру, көшеге тас төсеу және жөндету, мөлтек ауданға жаңадан жол салу, көшені жарықтандыру, оқушыларды тасталдауға автобус қою, көмір бағасын реттеу, мектептегі даудың заңды шешілуі, суармалы жер мәселесі және тағы да басқа әлеуметтік мәселелер көтерілді.
    Аудан басшысы әр тұрғынның өтініштеріне заңды түрде жауап беріп, тиісті бөлімдерге тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, әр мәселені жеке бақылауға алатындығын атап өтті.
Қ.ЖОЛДЫБАЙ: ӘР ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ЗАҢДЫ ТҮРДЕ ШЕШІЛЕДІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған