16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай өткізілетін Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының қызметкерлері арасында “Көңілді старт” эстафеталық жарыс болып өтті.
Аталмыш жарыста мұғалімдерді бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдықа баулу, қимыл-әрекетке жаттықтыру. Мұғалімдерді салауатты өмір сүре білуге шақыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Дененің жылдамдық, ептілік, төзімділік күш сапалық қасиеттерін дамыту мақсат етілді.
Эстафеталық жарыста «Болашақ», «Сұңқар», «Барыс» болып үш топқа бөлінді.
Жарысқа қатысушылар алдымен топтарын таныстырып шықты. Топ құрамы бес адамнан жасақталды. Алғашқы кезеңде қатысушылар секірмемен барып шардағы сұрақтарға жауап беріп, доппен қайта келіп келесі адамға беріп отырды. Екінші кезеңде доппен кедергілердің арасымен барып допты себетке салып қайта келіп, допты келесі адамға беріп отырды. Қатысушылар бар күштерін салып жүгіріп отырды. Үшінші кезеңде қатысушылар топ мүшелерімен бірлесе жіп арқылы стакан жинап шықты. Одан кейін, доппен ұру арқылы ұпай жинап жарысса, бесінші кезеңде тенис таяқшасымен тенис добын жерге түсірмей кедергі арқылы жүгірді. Соңғы бөлімде қатысушылар арқан тартысты.
Сайыс соңында жеңімпаз командалар мадақталып, марапатталды.
Қылышбек РЫСҚҰЛОВ,
«Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КММ-нің қосымша білім беру педагогы.