Имандылық – әрбір мұсылман баласының қорғаны. Ал, имандылықтың басты қағидасы – айналаңдағыларға мейірімділік танытып, мұқтаж жандарға қолұшын созу, мүмкіндігінше қоғамның игілігіне еңбек ету.
Міне, осы бір ұстанымды негізгі ұрандарына айналдырған Мақтаарал ауданының ерікті жастары бүгін Достық ауылдық округінің орталық мешітінде көпке үлгі болар іс жасады. 30-ға тарта жас орталық мешітте сенбілік жұмыстарын жүргізді. Қыздар жағы мешіттің ішкі тазалық жұмыстарын жасаса, ер балалар қолдарына күрек алып жер аударды, бір бөлігі ауланы арам шөптерден тазартып, күл-қоқыстарды шығарды. Іс-шараның басы-қасында жүрген Мақтаарал аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ қызметкерлері мұндай игілікті шараның аудан аумағында жалғасын таба беретінін айтады.
ЕРІКТІ ЖАСТАР МЕШІТТЕ СЕНБІЛІК ӨТКІЗДІ