Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаевтың басшылығында аппараттық жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында ауылшаруашылығы, денсаулық сақтау, ауыз су бойынша біршама мәселелер айтылып ұсыныстар тыңдалып, жауапты сала басшыларына маңызды тапсырмалар берілді. Соның бірі ауылшаруашылығы саласы бойынша, егістік жерлердегі сор шаюды ертерек аяқтап, көктемгі дала жұмыстарына қажетті шараларды осы бастан бастау керектігін атап өтті.  Одан бөлек, аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. «Ең алдымен халықтың денсаулығы маңызды. Сондықтан азаматтардың шоғырланып жиын өткізбеуін жіті қадағалап, эпидемиологиялық ахуалды назарда ұстауымыз керек » деді аудан әкімі.
БІРҚАТАР НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған