Мақтаарал ауданының білім бөліміне қарасты «Жамбыл атындағы 39 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру мақсатында Түркістан облысы діни істер басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маман Д. Аманов, ішкі саясат бөлімінің инспектор маманы М.Асанхан мен Мақтаарал аудандық білім бөлімінің әдіскері Р.Алтынбаева 9-11 сынып оқушыларымен «Деструктивті діни ағымдардан сақтандыру бағытындағы» кездесу өткізді.

Кездесуде облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесінің теолог маманы Дәурен Аманов ислам дінінің негізгі міндеттеріне тоқталып, дәстүрлі емес діни ағымдардың жастарға тигізіп отырған зияндылығы мен әсері туралы түсіндіріп өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің инспектор маманы Асанхан Мейрамбек қазіргі таңда көптеген жастарымыз жат ағымдардың арбауына түсіп, түрлі құқық бұзушылықтарға барып отырғандығын және қазіргі таңда өзекті болып тұрған әлеуметтік желінің зияны туралы түсіндірді.

Осы жиын барысында Мақтаарал аудандық білім бөлімінің әдіскері Р.Алтынбаева Дін және діни ағымдар жөнінде кең көлемде ақпарат берді. Сонымен қатар, қоғамымызда орын алып жатқан әр алуан мәселелер, халқымыздың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына жан-жақты тоқталып өтті.

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған