Жуырда аудандық  ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  ұйымдастырумен, ауданымыздағы Өргебас елді мекендегі Қ.Аманжолов атындағы №22 жалпы білім беру мекемесінде мектеп оқушылары арасында «Болашаққа бағдар; рухани жанғыру. Дін мәселесі – рухани байлығымыздың бір тармағы» атты тақырыпта кездесу жиыны болып өті.

Рухани маңызы ерекше осы іс-шараны аудандық орталық мешітің найб имамы Музаффар Бердиев пен осы салаға жауапты мамандар жүргізіп, жастарға дін саласына қатысты маңызды мәселелер туралы әңгілеп берді. Сонымен қатар, осы жиын барысында Б.Мүтәл қазіргі таңда Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөнінде мемлекеттік бағдарлама дайындалып, қабылданғанын, оның ел азаматтары үшін қаншалықты маңызды екеніе тоқталды.

Өз кезегінде мектеп оқушылары да іс-шараны ұйымдастушыларға дін саласына атысты өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойа, соларға нақты әрі түсінікті жауаптар алды.

Айта кетерлігі, бүгінгі күні осы бағдарлама негізінде бүкіл еліміз ойынша негізінен ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің құрамындағы «Дін істері жөніндегі комитет» нәтижелі қызметтер атқарып жатыр.

«БОЛАШАҚҚА БАҒДАР; РУХАНИ ЖАНҒЫРУ. ДІН МӘСЕЛЕСІ – РУХАНИ БАЙЛЫҒЫМЫЗДЫҢ БІР ТАРМАҒЫ»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған