Мырзакент кентінде аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мекемесінің ұйымдастыруымен бильярдтан ашық біріншілік болып өтті.

Қызықты өткен осы сайысқа 18 жастан асқан 32 спортшы  қатысты. Төрелікті арнайы бекітілген төрешілер жасап, бұл жарыс барлық ережеге сәйкес өткізілді. Жарыстың ашылу салтанатында Мақтаарал ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Бабашев және Жастар ресурстық орталығының басшысы Н.Ошантаевтар сөз сөйлеп,  қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қызықты өткен жарыстың қорытындысы бойынша: әділқазылардың шешімімен 1 орын – Ғабит Ельшиевке, 2 орын  –  Санжар Раушановқа, 3 орын  – Абылайхан Бердішевке бұйырды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер Мадақтама қағаздары мен арнайы сыйлықтармен марапатталды.

БИЛЬЯРДТАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІК БОЛЫП ӨТТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған