Ғалымдар ХХІ  ғасыр жасанды интеллект ғасыры екенін айтуда. Бүгінде әлемде жасанды интеллектінің  алғашқы қарлығаштары  әр салада қолдана бастады. Жасанды интелект платформалары ғаламдық желідегі орасан зор ақпараттарды ұсынуға және біздің қажеттілігімізге қарай қолдануғамүмкіндік береді.

Білім беру саласындағы жасанды интелектінің тиімділігіне сүйене отырып, 8«А» сыныбына «Мұхиттардағы тіршілік дүниесі»  тақырыбында сабақ өттім. Сабағымда оқытудағы түрліше жаңаша тәсілдерді, соның ішінде геймификация тәсілінің Жасанды интеллект» платформаларын тиімді пайдаландым. Сабақтағы«CASTLOTS» әдісі оқушылардың топтық жұмысқа бейімделуіне және  психологиялық ахуал қалыптасуына тиімді болды.«Gamma app»платформасы   – Ш.Уалихановты сөйлете отырыпалдыңғы тақырыпты пысықтауға тиімділігін көрсетті.«OBJECT VIEWER» әдісі  «Мұхиттағы тіршілік»тақырыбын меңгертуде оқушылардың бірлескен оқу үдерісін жүргізуде ынтымақтастық оқу педагогикасының негізгі үлгісі болды.

«Картамен саяхаттау»,«Wordwall» әдістері оқушылардың сыни тұрғыдан ойлана отырып ойын түрлерімен тақырыпты  терең мегеруіне ықпал етті.«Айналмалы бекет» әдісі білім алушылардың  температура және тұздылық бойынша   есептердің шығару жолдарын үйренуде ең белсенді әдіс болды.

«Алақандағы әлем» әдісі рефлексия кезеңінде оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, сабақ туралы  ойларын тізбектеп толық жеткізе алуында маңызды болды.

Қалай айтқанда да, жасанды ақыл-ой технологияларының дамуы – уақыт талабы.Ал оны тиімді пайдалану адам баласының әрдайым оқып, жаңаны үйренуге тиіс екенін көрсетіп отыр. Мұғалім – шәкірттің бағдаршамы. Білімді іздену жолында шәкіртінің шамшырағы болатын біздер, қашан да ізденісте, жаңаны меңгеруде, білгенімізді шәкірт бойына сіңіріп, бәсекеге қабілетті болуға міндетті екенімізді ұмытпауымыз керек.

Алипова  Газиза  Сабитовна,

№ 44 «Жаңа дала» жалпы білім беретін мектебі  КММ

Жаратылыстану және география пәнінің мұғалімі –

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЕКТІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған