«Тәрбие –тал бесіктен басталады» деп заңғар жазушы М.О.Әуезов  айтқандай, мектеп жасына дейінгі әрбір баланың  жайлы,саялы мекені-ол балабақша болып табылады. Түркістан облысы ,Жетісай ауданы,Жетісай қаласында орналасқан «Ақмарал» бөбекжай балабақшасы 2010 жылы 27-сәуірде өз жұмысын бастаған  болатын. Ашылғалы бері 15 жыл ішінде жүзден астам бүлдіршіндерімізге сапалы білім мен саналы тәлім-тәрбие беріп келеміз .Біздің балабақшамызда тәрбиеленген балалар мектепте де жан-жақты білім алып ,алды жоғары оқу орындарына оқуға түсіп,белгілі бір мамандық иесі атанып,еңбек  жүр. Бүлдіршіндердің бойындағы туа бітті дарындылық қабілеттерін анықтау мақсатында  ауданаралық немесе  облыстық «Айгөлек »шығармашылық фестивалі мен түрлі  спорттық-шынықтыру сайыстары жыл сайын өткізіледі.Сондай –ақ, бақшамызда танымдық-зияткерлік,шығармашылық  іс-шараларды да жоғары деңгейде ұйымдастырып келеміз.

Ал,2022-2023 жылдардан бері Оқу –ағарту министрлігінің жанынан құрылған «Баланы ерте дамыту » институтынан келетін түрлі сайыстарға балаларды қатыстырып,жүлделі орындарға қол жеткізіп жұрміз. Әрине, бұл біздің атқаратын жұмыстарымыздың бір парасы ғана. Сайыстарға қатыстыру нәтижесінде педагог-тәрбиешілер баланы еңбекқорлыққа, зияткерлікке,талғампаздыққа, шыдамдылыққа   баулиды. Сонымен қатар, баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді, мысалы, отансүйгіштік, табандылық, білімділік, тазалық ,достық секілді адами құндылықтарды да қалыптастырамыз.

«Ақмарал» бөбекжай бақшасында ұлағатты ұстаздар легі қалыптасқан.Бақшамыздың педагог-модераторлары: А.Көшікбаева, Г.Молдабек, А.Бердібаева , А.Мауленова,  А.Баубекова ,  Н.Әлзатова, міне осы педагогтар балалармен жұмыс барысында үнемі шаттық  эмоция, логикалық дағдыландыру міндеттемелерімен  оқу іс-әрекетін қызықты етіп өтіп келеді.

«Ақмарал» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық  қазыналық мекеме болып саналады. Кез келген ұйымдастырылған іс-шараларды әлеуметтік желіге жүктей отырып,біздің бақшамызда еңбекқор,талапшыл ,білімді ұстаздардың еңбек етіп жүргенін оқырман қауымы мен ата-аналар үнемі қарап,бақылап отырады.Қазіргі таңда елбасы Қ.К.Тоқаевтың халыққа жолдаған жолдауы аясында  көтерілген мәселе-«Біртұтас тәрбие»  ұлттық бағдарламасы  білім мекемелерінде қолға алынды. «Ақмарал» бақшасының педагогикалық ұжымы да  «Даналардан шыққан сөз», «Әжелер мектебі»,  «Жас ата-аналар мектебі»  секілді  ұлтық құндылықтарымызды   бүлдіршінлеріміздің  бойына сіңдіріп  келеді.Сондай –ақ ,бақшамызда ата-аналардың бала тәрбиесіндегі білімдерін жетілдіруге арналған консультациялық пункттер де жұмыс жасайды.

Сөз соңында айтарым: -Бір жылдығыңды ойласаң-тары ек

Он жылдығыңды ойласаң-диханшылықпен айналыс,

Бүкіл ғұмырыңды ойласаң- бала тәрбиеле,- деп дана халқымыз айтқандай, болашақта ел тұтқасын ұстайтын, қалың елге қызмет ететін жастарды оқытып,тәрбиелеу-әрбір білікті ұстаздың басты мақсаты деп білемін.

 Жаштаева А.С.

    «Ақмарал» бөбекжай балабақшасының педагог-тәрбиешісі.

«БАЛАБАҚША –  СӘБИЛЕРДІҢ БАҚЫТТЫ МЕКЕНІ»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған