Бүгін Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов және аудан әкімі аппаратының қызметкерлері ерікті түрде короновирусқа қарсы «QazVac» ревакцинасын ектірді.
Ревакцинация – бұл коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын алу. Қазіргі таңда елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырып жатқандардың саны қайта өсуде. Оның алдын алуда ревакцинация алудың пайдасы зор. Бұған дейін салдырған вакцинаның уақыт өте келе ағзаны инфекциядан қорғау деңгейі төмендейді. Сондықтан, вакцинаны қайталап салу арқылы біз пандемияға қарсы ағзаны қалыптастыра аламыз.
  Аудан тұрғындарына үлгі болуы үшін аудан әкімі бастаған Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері түгелдей вакцина ектіруде. Оның ішінде аудан әкімінің орынбасарлары Бейсенбай Төребеков, Алтын Ешанқұлова, Сәкен Сұлтанханов және аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрбол Саттаров та бар.
«Ревакцинация алу арқылы біз пандемияның келесі толқынына қарсы тұра аламыз. Қазіргі таңда аудандық ауруханаларда ревакциналар дайын тұр. Ревакцина ектіру үшін тіркеу орны бойынша емханаға хабарласып, медициналық тексеруден өту жеткілікті. Барша аудан тұрғындарын ревакцинациядан өтуге шақырамын!», – деді Бақыт Насырханұлы.
  Мұнан бөлек, аудандық дербес бөлімдердің басшылары және кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері бастаған барша мемлекеттік қызметкерлер ревакцинация ектіріп жатыр.
Айта кетейік, Мақтаарал ауданына «QazVac» ревакцинасын 2496 адам, «Пфайзер» ревакцинасының І компанентін 5441 адам, ІІ компанентін 1650 адам ектірген.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
АУДАН ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «QAZVAC» РЕВАКЦИНАСЫН ЕКТІРУДЕ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған