Бүгін әлемді шарпыған пандемияға қарсы аудан көлемінде КВИ аурушаңдығының эпидемиологиялық жағдайы және алдын алу іс-шаралары бойынша аудандық штабының отырысы өтті.
Жиынға штаб төрағасы Б.Шомпиев, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы С.Оразымбетов, ауыл әкімдері және мобильді топ мүшелері қатысты.
Алғаш сөз алған Б.Шомпиев тек елімізде ғана емес әлем бойынша жүріп жатқан түрлі дәрежедегі жұқпалы ауруларға қарсы күресу шараларын күшейту керек екендігін айтты. Сонымен қатар мобильді топтарға адам көп шоғырланатын кәсіпкерлік нысандарында «Ashyq» қосымшасын жүйелі пайдалану,
маскалық режим сақтау және тағы басқа бойынша жедел профилактикалық жұмыстарды жүргізуді тапсырды.
Отырыста аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы С.Оразымбетов аудандағы қазіргі жағдайды баяндап, жасыл аймақта болсақта пандемияның жедел таралмауы үшін тиісті шаралар қабылдап, тәртіпті күшейту керектігін жеткізді. Сондай-ақ, пандемияның алдын алу бойынша бірқатар шаралар талқыланды.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі
ПАНДЕМИЯҒА ҚАРСЫ ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.