Жетісай ауданы, Ынтымақ ауылдық округі Әден ата ауылында орналасқан ЖШС «Дінислам нұры» бөбекжай балабақшасы «Жұлдыз» ересек тобында  25 қазан- Республика күніне арналған «Менің Отаным-Қазақстан!» атты ұлттық мерекелік іс-шара болып өтті.

   Бұл мерекелік іс-шараны өткізудегі басты мақсатымыз балаларға еліміздің рәміздері туралы білімдерін толықтыру. Әр рәміздің мән-мағынасын түсіндіру арқылы зейіндерін дамыту. Отан, туған өлке, туған жер сөздерінің мағынасын түсіндіру. Өзінің Отаны туралы әңгімелеп айтуға үйрету, зейіндерін дамыту. Сөйлеу тілдерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Отанына, туған өлкелеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Іс-шараның барысы: Ең әуелі балалар залға қолдарына жалауша ұстап әуенмен кіріп, ырғақты би биледі. Мерекелік іс-шараны Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен бастадық. Балабақшамыздың меңгерушісі Алмагул Еркінбекқызына сөз беріліп іс-шарамызды ашып берді.Әрі қарай балалар туған жер, отан жайлы жаттаған тақпақ, мақалдарын айтып берді. Қазақи түрлі билер билеп, патриоттық әндер айтылды. Балалардың көңіл-күйін көтеру үшін «сиқырлы асық», «қамшы алу» және де рәміздерімізге арналған дидактикалық түрлі қызықты ойындар ойнатылды. Іс-шарамызды «Жұлдыз» тобының тәрбиеленушісі Қуанышбек Әлидің орындауында «Жайна туған елім» әнімен аяқтадық. Балалар іс-шараға жақсы көңіл-күймен белсенді қатысты.

Іс-шара соңында қонаққа келген ата-аналарымыз мерекемен құттықтап, өздерінің ақ тілектерін, алғыстарын айтты.

Толешова Жанар Бахтиярқызы,

 «Дінислам нұры» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі

  

«Менің Отаным – Қазақстан»  іс шарасы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған