Ауданымызда дәстүрлі емес діни ағымдардың жолын кесу және жастарымыз арасында діни сауаттылықты арттыру мақсатында «Дін және жастар” тақырыбында әйел-қыздар арасында кездесу болып өтті.

Бүгінгі таңда өзектілігі ерекше осы шараның негізгі мақсаты – жастарымызды дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру және дәстүрлі құндылықтарымызды дәріптеу, жастар санасын керағар ағымдардан қорғау болып табылды.

Қазақтың ұлттық салт-санасы мен әдет-ғұрыптары Ислам дінімен тығыз байланысты. Ислам діні ұлтымыздың бітім-болмысы мен мәдениетінде дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарында өзіндік із қалдырған. Дін мен ділдің, салт-сана мен шариғи ғұрыптардың өзара астасуы қазақ елінің өзіндік қолтаңбасын, қоғамдық келісімнің мызғымас моделін көрсетсе керек.

Салт-дәстүрді де, Ислам дінін де ұлтты ұйыстырушы, тыныштық пен бірліктің факторы ретінде қарастыруға әбден болады. Міне, мемлекетіміздің жүргізіп отырған діни саясатының аясында осы дін мен дәстүрдің бірлігі мәселесі өте өзекке ие.

Жиын барысында облыстың бас имамы Ержан Төлепов облыстық Дін істер басқармасының «Дін мәселелерін зеріттеу орталығы» коммуналдық мекемесінің теолог маманы Мақсат Салиқоджаевтар және Орталық «Абдул Әкім» мешітінің әйел-қыздар ұстазы Томарис Давронова ұстаз жоғарыда аталған мәселелер бойынша сөз сөйлеп, діни тұрақтылықтың сақталуы, жастарымыздың кереғар діни ағымдардан аулақ болуы үшін барша қоғам атсалысуы керек екенін айтты.

Сондай-ақ, жиын барысында спикерлерге көрермендер тарапынан өздерін қызықтырға сұрақтар қойылып, қанағаттанарлық жауаптар берілді.

ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАР АРАСЫНДАҒЫ «ДІН ЖӘНЕ ЖАСТАР» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған