Көпшілікті ойлантқан АЭС-ке қатысты кадр мәселесіне алаңдауға негіз жоқ. Қазақстанда кәсіби ортада көпшілікке жақсы танымал Ұлттық ядролық орталық пен Ядролық физика институты табысты жұмыс істеуде, шетелдік атом электр стансалары үшін отын таблеткалары мен отын жинақтарын шығаратын зауыт салынды. Қазақстанның 4 жоғары оқу орны атом саласы үшін мамандарды даярлайды.
Сонымен қатар «Болашақ» бағдарламасы аясында 2010 жылдан бастап «Атом өнеркәсібі», «Атом ядросы мен бөлшектері физикасы», «Техникалық физика (Атом электр стансалары мен қондырғылары), «Ядролық инженерия» мамандықтары бойынша 21 бакалавр, 12 магистр және 1 маман білім алды.
Осы мақсатта болашақта атом энергетикасын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында кадрларды даярлау жоспары жеке әзірленіп, қабылданады, оның негізінде қажетті мамандар санын даярлау ұйымдастырылады. Бұл ретте атом электр стансаларының өнеркәсіптік өндірістік персоналының шамамен 20 пайызын ядролық білімі бар зауыт қызметкерлері құрайды.
Берік САБЫР,
Мақтаарал ауданы.