Бүгін аудан әкімі Бақыт Асанов «EL UMITI» бастамасымен «Елбасы медалі» бағдарламасы аясында жүлделі қола медаль иегері атанған оқушыларды қабылдады.
   Аталған жобаның мақсаты – әрбір қатысушы үшін оның жасына, тұрғылықты жеріне қарамастан білім беру, шығармашылық, мәдени және өзге де қабілеттерін, дарынын кеңейту үшін жағдай жасау.
Ауданымыздың білімпаз жастары тұңғыш рет өткен ауқымды жобада жоғары көрсеткіштер көрсетіп, нәтижесінде Қ.Сәтбаев атындағы ЖОМ оқушысы Ахмет Азиза, О.Бапышев атындағы ЖОМ оқушысы Қалдарбек Айгерім, Х.Доспанова атындағы ЖОМ оқушысы Хожахметова Мадина, «Жаңа жол» ЖОМ оқушысы Әбдірахман Айдана, барлығы 4 оқушымыз жүлделі қола медаль иегері атанды.
Салтанатты шарада аудан әкімі ауданымыздың даңқын асқақтатып жүрген оқушылар мен ұстаздарға алғысын білдіріп, ақ тілегін арнады.
 «Ауқымды жастар жобасына республикамыздың барлық өңірлерінен 14 пен 29 жас аралығындағы 11 мың жастар қатысты. Оның ішінде Түркістан облысынан қатысқан 80 үміткердің арасынан төртеуі жүлделі орынға ие болды. Оның ішінде Сіздер барсыздар. Республика көлемінде өткізілген ауқымды жобаға белсене атсалысып, ауданымыздың даңқын асқақтатқан Сіздерге және ауданымыздың білім беру жүйесін дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосқан ұстаздарға ерекше алғысымызды білдіремін!» -деді Бақыт Насырханұлы.
  Жиын соңында аудан әкімі Б.Асанов және аудандық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы М.Серікбаев жүлделі орын иеленген оқушыларды арнайы медалдармен марапаттап, оқушыларға сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ, естелік үшін суретке түсті.
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі
МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Б.АСАНОВ «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған