Есеп-қисапқа жақын, бухгалтер мамандығын жіті меңгерген мамандардың бірі Айгүл Қырғызбайқызы. Оның осы салада еңбек етіп келе жатқанына осы жылы 27 жыл болады. Мамандығын мақтаныш тұтқан Айгүл апайдың айтуынша маңдай термен еңбек еткен адамның тапқан наны әркез тәтті болмақ. Сондықтан жас мамандарға еңбек етуде ешқашан ерінбеу керектігін кеңес ретінде ұсынады. Ұлды ұяға, қызды қияға қондырған апайға біз де толағай табыс пен сәттілік серігіңіз болсын дейміз.
* * * * * * * * * *
Есепші мамандардың бірі Бекбауова Әсия Сәлімбекқызы. Әсия апайдың шенділермен бірдей қызмет етіп келе жатқанына міне биыл отыз жыл болады. Ол ішкі істер органдарының ардагері. Тәжірибесі толысқан есепшінің бүгінде 2 немересі бар. Бос уақытын міндетті түрде сол бүлдіршіндерге арнайды. Оларға көңіл бөліп, бірге қыдырғанды ұнатады. Әсия апайдың өмірлік ұстанымы: «Әрдайым алда болу үшін елге адал қызмет ету!»
БІЗДІҢ ҚЫЗДАР ОСЫНДАЙ!!!