Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және Спорт министрлігінің «Адалдық алаңы» жобасы аясында Түлкібас аудандық орталық кітапханасында «Парасат жолы» орталығының ашылу салтанаты болды.

  Ауданымыздың танымал тұлғалары, зиялы қауым өкілдері, кітапхана қызметкерлері, белсенді жастары қатысқан салтанатты шараны Түлкібас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Кенжебаева Қамар Мекембайқызы ашып, қонақтарды «Кітапхана – ақпараттық мәдени орталық» жобасының жоспарымен таныстырып, алдағы уақытта мағынасы кең, мазмұны бай, тақырыбы терең іс-шаралар арқылы ел көңілінен шығатын көкейкесті мәселелер рухани ордада талқыланатындығы туралы айтты.

   Шара барысында аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркебаев Қуатбек Сағымбекұлы мемлекетіміздің басты межесі де, осы санасыздықтың салдары болып отырған жемқорлық ұғымын жойып, әділетті қоғам ретінде дамыған елдердің көшін бастау керектігі, әділетті қоғам болу үшін, оның әрбір азаматтың көкірек көзі ашық, жақсылыққа құштар, жаны ізгі болуға тиіс екендігін айтса, айтулы шараға ағынан жарылып аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Алтынбеков Рахымжан Пірімжанұлы алдағы бірлесіп атқарылатын жұмыстарға табыс, сәттілік тіледі. Түлкібас аудандық «Жас Отан жастар қанаты» филиалының төрағасы Джолбасханов Ислам Талипұлы: «Әлеуметтік жағдайдың жақсаруы, әділеттің орнауы – адамдардың ұятына, әділдігіне, мейірбандығына, ар тазалығына байланысты болмақ» деп, ауданымыздың жастары бұл бастаманы қолдайтынын жеткізді.

Өз тілшімізден.

«ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған