Бастауыш сынып оқушыларына білім беруде әрбір сабақтың өзіндік орны бар. Әсіресе, қоршаған ортаны танып-білуге, табиғат құбылыстарын бақылауға үйрететін жаратылыстану пәнінің маңызы зор.

Осы бағытта Н. Исмайлов атындағы №45 жалпы білім беретін мектепте менің жетекшілігіммен «Жыл мезгілдері» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға жыл мезгілдері туралы түсінік қалыптастыру, әр мезгілдің өзіне тән ерекшеліктерін таныту, табиғаттағы өзгерістерді ажырата білуге үйрету. Сонымен қатар балалардың қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттырып, табиғатты аялауға тәрбиелеу көзделді.

Сабақ барысында оқушылармен түрлі танымдық тапсырмалар, сұрақ-жауап, ойын әдістері және көрнекіліктермен жұмыс жүргізілді. Балалар көктем, жаз, күз және қыс мезгілдерінің ерекшеліктерін атап, әр маусымда болатын табиғи өзгерістер туралы өз ойларын ортаға салды. Суреттер арқылы жыл мезгілдерін ажыратып, алған білімдерін тапсырмалар орындау барысында көрсетті.

Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, өзара пікір алмасып, білімдерін толықтырды. Әсіресе, ойын элементтері балалардың қызығушылығын арттырып, сабақтың мазмұнын жеңіл әрі қызықты меңгеруіне мүмкіндік берді.

Мен үшін әр сабақ – оқушының таным көкжиегін кеңейтіп, білімге деген құштарлығын арттыруға жасалған қадам. Осындай ашық сабақтар арқылы балалардың өз ойын еркін жеткізуіне, ізденуіне және алған білімін күнделікті өмірде қолдана білуіне жағдай жасаймыз.

Алмуханбетова Гүлнар Ермекбаевна,

Н. Исмайлов атындағы №45 ЖББМ

 бастауыш сынып мұғалімі.

«ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ

Добавить комментарий