Көбінесе салықты дұрыс төлемеу мәселесі көптеген деректемелерді толтырудың күрделілігіне байланысты. Мұндай тәжірибемен МКК төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясы барысында бөлісті.
«Қалыптасқан бюджеттік, қазынашылық, банк жүйелеріне әсер етпей, салықтарды төлеудің электрондық сервисін қолдана отырып, Салық әмиянының принципін құру және енгізу арқылы жеке тұлғалардың салықтарын төлеу тәсілін өзгерту туралы шешім қабылданды», – деп атап өтті.
Қолданыстағы деректемелермен қатар, салық төлеушілерге әмиянды толтыру арқылы балама салық төлеу мүмкіндігі беріледі. Ақша қазынашылық арқылы бюджетке әмиянның бірыңғай деректемелеріне аударылады және міндеттемелер туындаған салықтарға автоматты түрде есептен шығарылады.
«Әмиянды кез келген банктің картасы арқылы деректемелерді толтырмай-ақ толтыруға болады. Ірі банктермен жүргізілген интеграция нәтижесінде Халық банкінің және Каспий банкінің карталарымен төлем жасау кезінде комиссия алынбайды», – деп атап өтті Ж.Іңкәрбаев.
Әмиянға ақша 2-3 минут ішінде есептеледі және «Әмиян балансында» көрсетіледі.
Кейіннен салық міндеттемелері пайда болған кезде әмиян балансынан ақша автоматты түрде алынады, бұл туралы салық төлеушіге хабарланады.
Айта кетейік, бүгінгі таңда әмиянды 50,0 млн.теңге сомасына 10,8 мың рет толтырды.
Салықтарды төлеудің электрондық сервисі салықтар бойынша төлеу мерзімін өткізіп алуды жояды