Бүгінгі таңда елдің тұрақты дамуы мемлекеттік институттардың тиімділігімен қатар, азаматтардың қоғамдық бастамаларға деген белсенді ұстанымына да тікелей байланысты. Құрылтай депутаттарын сайлау – осы өзара байланысты нығайтатын маңызды қоғамдық-саяси үдеріс. Бұл сайлау қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық талқылауға, халықтың ұсыныстары мен пікірлерін ескеруге және елдің дамуына бағытталған ортақ міндеттерді айқындауға мүмкіндік береді.
Құрылтай – қоғамның әртүрлі саласының өкілдерін біріктіретін маңызды қоғамдық алаң. Мұнда көтерілетін бастамалар өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жастарды қолдау, қоғамдық келісімді нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және азаматтық қоғамды дамыту сияқты маңызды бағыттарды қамтиды. Сондықтан депутаттарды сайлау үдерісі халықтың сеніміне ие, ел мүддесін қорғай алатын азаматтарды анықтауға бағытталған жауапты кезең болып саналады.
Әрбір сайлау науқаны қоғамдағы құқықтық мәдениетті жетілдіруге және азаматтардың жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді. Ашықтық, әділдік және заң талаптарын сақтау қағидаттары қамтамасыз етілген жағдайда ғана сайлау нәтижесіне деген қоғамдық сенім қалыптасады. Бұл өз кезегінде мемлекет пен халық арасындағы тиімді өзара іс-қимылды нығайтып, қоғамдық тұрақтылықтың сақталуына оң әсер етеді.
Қазіргі кезеңде ақпараттың шынайылығы мен объективтілігі ерекше маңызға ие. Азаматтар ресми әрі нақты ақпарат негізінде өз таңдауын жасаған кезде ғана саяси үдерістің сапасы артып, қоғамдық пікірдің әділ қалыптасуына жағдай туады. Сондықтан ақпараттық кеңістіктегі жауапкершілік пен заң талаптарын сақтау – сайлау науқанының маңызды құрамдас бөлігі.
Қорыта келгенде, Құрылтай депутаттарын сайлау – елдің қоғамдық өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Бұл үдерістің жоғары деңгейде ұйымдастырылып, заң талаптарына толық сәйкес өткізілуі қоғамдық келісімді нығайтып, халықтың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға және еліміздің орнықты дамуына өз үлесін қосады.

БАҚЫТЖАН Абдуалиев,

Жетісай ауданы.

Сайлауға дауыс беруге шақырамыз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған