Түркістан облысы, Жетісай ауданы, №44 «Жаңа дала» жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Қалдыбай Зарина білім бәйгесінде дараланып, мектеп мерейін асқақтатты.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларының олимпиадасында «Құқық негіздері» пәнінен бақ сынаған Зарина аудандық кезеңде қарсылас шақ келтірмей, І орынды иеленген болатын. Осы жеңісінен кейін облыстық додада Жетісай ауданының намысын қорғап, білімдарлығы мен терең ізденісінің арқасында жүлделі ІІ орынға ие болды.
Шәкіртіміздің мұндай жоғары нәтижеге жетуіне зор еңбек сіңірген жетекшісі, білікті ұстаз Жандос Темірханұлының еңбегі ерекше. Мектеп бітіруші түлегіміздің бұл жетістігі — мектебіміз бен ұстаздар қауымы үшін үлкен мақтаныш.
Айта кетерлігі, Зарина алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуде де «Құқық негіздері» пәнін таңдап отыр. Бұл — оның болашақ мамандығын саналы түрде айқындап, осы бағытта жүйелі дайындық жүргізіп келе жатқанын аңғартады. Олимпиададағы табысты нәтижесі шәкірттің білім деңгейінің жоғары екенін ғана емес, жауапкершілігі мен мақсаткерлігін де айқын көрсетті.
Жандос Темірханұлы,
№44 «Жаңа дала» жалпы білім беретін
мектеп КММ-нің тарих пәнінің мұғалімі.
