Қазіргі білім беру кеңістігі шетел тілдерін оқытуда цифрлық ресурстарды тиімді қолдануды талап етеді. Соңғы жылдары білім беру мазмұнына енген Vision ресурсы (Vision оқулығы /цифрлық платформасы) ағылшын тілін меңгертуде жаңа деңгей қалыптастырып, оқушының тілдік қабілетін жан-жақты дамытатын тиімді құралдардың біріне айналды. Бұл ресурс оқу үдерісін заманауи формата ұйымдастырып, оқушыны белсенді әрекетке бағыттайды және тілдік ортаны жасанды түрде құруға мүмкіндік береді.

Vision ресурсының тілдік қорды дамытудағы

маңыздылығы:

Vision материалдары оқушылардың сөздік қорын жүйелі кеңейтуге бағытталған. Әр модуль оқушы жасына, деңгейіне және оқу мақсаттарына сай құрылып, жаңа лексикалық бірліктерді меңгертуге арналған түрлі тапсырмалармен толықтырылған. Интерактивті мәтіндер, тыңдалым материалдары және рөлдік диалогтар оқушыларды тілдің табиғи қолданысына жақындатып, жаңа сөздерді контексте қолдануға жағдай жасайды. Сонымен қатар, грамматика мен phonics бағытындағы жаттығулар оқушының сөздерді дұрыс айтуын, жазылымын және мағыналық қолданысын қалыптастырады.

Vision ресурсының ерекшелігі — тілдік дағдыларды жеке-жеке емес, кешенді дамыту. Тыңдалым, оқылым, сөйлесім және жазылым тапсырмалары бір-бірімен байланыстырылып, оқушының нақты коммуникативтік құзыретін дамытуға ықпал етеді. Мұндай тапсырмалар оқушыны белсенді сөйлеуге ынталандырып, тілдік қорын қарқынды арттырады.

Оқушылардың қызығушылығын арттырудағы рөлі:

Цифрлық технологияға негізделген Vision платформасы оқытуды қызықты әрі тартымды етеді. Түрлі түсті иллюстрациялар, ойын элементтері, аудио-видео контент оқушылардың назарын ұстап, сабаққа деген тұрақты мотивация қалыптастырады. Қызығушылықтың артуы – тіл үйренудің басты факторы. Сондықтан Vision жиі жаңартылып, қазіргі заман талаптарына сай визуалды материалдармен толықтырылып отырады.

Оқушының жеке мүмкіндігіне қарай тапсырмаларды таңдауға болатындығы – қызығушылықты арттыратын тағы бір ерекшелік. Әр оқушы өзінің деңгейіне сай тапсырмаларды орындап, бірден нәтиже көре алады. Автоматты тексеру жүйесі мен кері байланыс функциясы оқушыны өзіндік ізденіске бағыттайды және қателермен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Мұғалім жұмысын жеңілдетудегі тиімділігі:

Vision тек оқушыға ғана емес, мұғалімге де үлкен қолдау көрсетеді. Әр сабаққа арналған дайын тапсырмалар, бағалау үлгілері, ұсынылған әдістер мен ойындар мұғалімнің сабақ жоспарын тиімді құруына көмектеседі. Мұғалім платформа материалдарын өз әдістемесімен үйлестіріп, сабақты шығармашылық бағытта ұйымдастыра алады.

Қорытынды: ағылшын тілі пәнін оқытуда Vision ресурсын қолдану оқыту үдерісін жандандырып, оқушының тілдік қабілетін дамытатын, қызығушылығын арттыратын, заманауи талаптарға сай тиімді әдіс болып табылады. Vision оқушының сөздік қорын табиғи әрі жүйелі дамытуға, тілдік дағдыларын толықтыруға, коммуникативтік қабілетін жетілдіруге зор ықпал етеді. Сондықтан бұл ресурсты сабақ барысында тұрақты және мақсатты қолдану оқытудың сапасын арттырып, ағылшын тілін меңгеру нәтижелігін күшейтеді.

Шулгаубаева Пернекул Оспановна

«Хиуаз Доспанова атындағы №28 ЖББМ КММ

ағылшын тілі пәнінің  мұғалимасы.

Ағылшын тілі пәнін оқытуда Vision ресурсының оқушылардың тілдік қорын дамытуы мен қызығушылықтарын арттыруы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған