2025 жылдың 29 қыркүйегінде А.Байтұрсынов атындағы №5 жалпы білім беретін мектеп пен МКҚК “Аяулым” бөбекжай-бақшасы арасында түзілген сабақтастық аясында тәрбиеленушілерімізді мектеп өмірімен жақын таныстыру мақсатында танымдық серуен ұйымдастырдық. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың мектепке деген қызығушылығын арттыру, жаңа ортаға бейімделуін жеңілдету және балабақша мен мектеп арасындағы байланысты нығайту болды.

Серуен алдында балалармен арнайы дайындық жұмыстары жүргізілді. Мектепке баратын мақсат түсіндіріліп, оларды қызықтыру үшін түрлі әңгімелер мен ойындар ұйымдастырдық. Осылайша балаларда білім әлеміне деген алғашқы ынта мен құлшыныс пайда болды.

Мектепке барған сәтте тәрбиеленушілерімізді мектеп аумағымен таныстырып, ауласын, спорт алаңын, кітапханасын аралаттық. Бастауыш сынып мұғалімдерімен кездестіріп, қысқаша өткізілген сабаққа қатысуына мүмкіндік берілді. Сондай-ақ балалар дәптер, оқулық, тақта сынды мектеп құралдарын көріп, оларды қалай пайдаланатынын қызығушылықпен бақылады.

Бұл серуен балаларға ерекше әсер қалдырды. Тәрбиеленушілер мектепке деген жылы көзқарас қалыптастырып, жаңа ортаға деген сенімділік пайда болды. Алдағы уақытта осындай сабақтастық бағытындағы жұмыстарды жылдық жоспар негізінде жүйелі түрде жалғастыруды жоспарлап отырмыз.

Асия ОСПАНОВА,

«Аяулым» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі.

БАЛАБАҚША МЕН МЕКТЕП АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған