Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің көшпелі мобильді топ отырысы»

Жетісай аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі кабинет әдіскерлері Нуралиева Айгүл Абдрахманқызы мен Куттибаева Айсапар Исахқызының осы саладағы мамандардың кәсіби деңгейін жоғарылату мен балабақшалар қызметінің сапасын артыру мақсатында құрылған мектепке дейінгі ұйымдардың тәжірибелі мамандарынан құрылған мобильді топ мүшелері “Бүлдіршін” бөбекжай- бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының әдіскері Бейсенбаева Орынкүл мен ЖШС «Қалыкүл ана» бөбекжай бақшасының меңгерушісі Қаңлыбай Арайлымның ұйымдастыруымен Жетісай ауданы, «Жылы су» ауылында орналасқан МКҚК “Бүлдіршін” бөбекжай- бақшасында «Жылы су»,«Атамекен», «Мақталы» ауыл округінде орналасқан мектепке дейінгі ұйым әдіскерлер және тәрбиешілерімен мобильді топтың көшпелі отырысы өтті.
Көшпелі мобильді топ отырысының мақсат-міндеттері педагогтердің кәсіби даму мақсаттарына –мектепке дейінгі салада өздерінің дағдылары мен білімдерін жетілдіруге жол көрсету, ықпал ету.
Ұйымдастырушылар қатысушы педагогтерменбіріге отырып мектепке дейінгі жастағы балалардың психологиясы мен педагогикасына қатысты барлық жұмыстарды тиісті нормативтік құжаттарға сүйене отырып ұйымдастыру мен жүйелі жүргізу мәселелері туралы талқыланып, шебер сыныптар мен тренингтер, дамыту ойындарын ұйымдастырып, тәжірибе бөлісті.Балабақша психологі педагогтердің көңіл күйі мен зейінін арттыру мақсатында «Әрі тігінші, әрі орақшы, әрі сыбызғыда ойнаушы» атты ойындарымен жандандырды.Күн тәртібіндегі еңбек іс әрекеттерінің түрлері мен ұйымдастыру жолдары, құралдары мен тиімділігі туралы әдіскерлер арасындағы шебер сынып өте тартысты, талқыланып шешімін тапты.
2025-2026 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хатына сәйкес тәрбиешілер мен ата аналарға арналған маңызды кеңестерді көрсету, түсіндіру, бірге орындау туралы жолдарын педагогтермен тез, әрі тура жауаптары үшін марапаттар мен сыйлықтар ұсынды.Қатысушы педагогтер алдағы уақытта да осындай тәжірибе алмасу жалғасын табуына тілектестік білдірді.
Орынкүл БЕЙСЕНБАЕВА,
«Бүлдіршін» бөбекжай бақшасының әдіскері.
