Әлжан ана бөбекжай-балабақшасында мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жыл бойы мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы жоғары көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Бағдарламаның басты мақсаты – бүлдіршіндердің бойына адамгершілік құндылықтарды сіңіріп, адалдық пен әділдікті құрметтеуге баулу, үлкенді сыйлау мен кішіге қамқор болу сияқты ізгі қасиеттерді дамыту болып табылады.

Осы мақсатқа сәйкес балабақшада өткен әрбір іс-шара балалардың жас ерекшелігіне сәйкестендіріліп, мазмұны терең тәрбиелік мәнмен толықтырылды. Тәрбиешілер мен ата-аналардың бірлесе жүргізген жұмыстары нәтижесінде балалар адалдық, мейірімділік, жауапкершілік, тәртіп сияқты адамгершілік ұғымдарын ойын түрлері, театрландырылған көріністер, әңгімелесу, оқу іс-әрекеттері арқылы игере алды.

Топтарда «Адал азамат» бағдарламасының мазмұнын ашатын бұрыштар жасақталып, көрнекіліктер, сурет көрмелері, тақырыптық стендтер қойылды. Бұл балалардың бағдарлама мазмұнын күнделікті ортада көріп-біліп, есте сақтауына үлкен ықпал етті.

Апта сайын өткізілетін танымдық сабақтар мен тәрбиелік шаралар бүлдіршіндердің дүниетанымын кеңейтіп, өзіне деген сенімділігін арттырып, айналасына құрметпен қарауға тәрбиеледі. Ал ата-аналармен ұйымдастырылған жиналыстар мен түсіндіру жұмыстары отбасы мен балабақшаның арасындағы байланыс пен ортақ тәрбие мақсатын нығайта түсті.

Әлжан ана бөбекжай-балабақшасының ұжымы алдағы уақытта да «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының қағидаларын жүйелі түрде жүзеге асырып, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтар мен моральдық-этикалық нормаларды дарыту бағытындағы жұмысын жалғастыра береді.

Загира АБЕНОВА,

«Әлжан ана» бөбекжай-бақша меңгерушісінің міндетін уақытша атқарушысы.

БАЛАБАҚШАДАҒЫ «АДАЛ АЗАМАТ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН  ІС-ШАРАЛАР

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған