Қазіргі таңда ғылым мен техника дамып, заманауи технологиялар өмірімізге дендеп еніп жатса да, еңбек — адамның басты тірегі, табыс пен жетістіктің бастауы болып қала бермек. Ата-бабамыз «Еңбек етсең — емерсің» деп бекер айтпаған. Кішкентайынан еңбекке баулынған бала жауапкершілікті сезінеді, өз ісіне ұқыпты қарайды, шыдамды, тиянақты болады. Мектеп оқушысы үшін еңбек — бұл тек қана дене еңбегі емес. Ол — сабақты жақсы оқу, мұғалім тапсырмасын уақытында орындау, үй шаруасына көмектесу, тазалық сақтау, табиғатты аялау.

Еңбекқорлық — табандылық пен адалдықтың белгісі. Оқу — оқушының басты еңбегі. Сол себепті әрбір оқушы күн сайын өзіне мақсат қойып, алға ұмтылуы тиіс. Білім алуға ұмтылу да — еңбек. Себебі биікке тек талмай еңбектенгендер ғана жетеді.

Мектептегі әрбір пәннің өзіндік маңызы бар. Солардың бірі – еңбек пәні. Бұл сабақта біз тек қана қолмен бір нәрсе жасап қоймаймыз, сонымен қатар шыдамдылыққа, ұқыптылыққа, табандылыққа үйренеміз. Еңбек пәні – нағыз өмірге қажет дағдыларды қалыптастыратын маңызды сабақ. Еңбек сабағында біз:

     •          Түрлі бұйымдар жасап үйренеміз;

     •          Қолөнермен айналысамыз (қию, жапсыру, тігу, тоқу, сурет салу);

     •          Ағаш немесе металмен жұмыс істеуді меңгереміз;

     •          Тамақ әзірлеу, үй шаруасын дұрыс ұйымдастыру жолдарын үйренеміз;

     •          Қауіпсіздік техникасын сақтау мен құрал-саймандармен дұрыс жұмыс істеуді жаттаймыз.

Бұл пәнде алған білім мен дағды бізге өмірде, болашақта өте қажет болады. Мысалы, өз киіміңді тіге білу, сындырып алған затты жөндей алу немесе өз қолыңмен тамақ пісіре білу – үлкен жетістік. Бұл – тәуелсіз әрі жауапты адам болуға бастайтын жол. Атақты ойшыл Абай атамыз:

“Еңбек қылсаң ерінбей, тояды қарның тіленбей”, – деген.

Шынында, еңбек еткен адам ешқашан жалқаулыққа бой алдырмайды.

Еңбекке бейім оқушы – сабағына да ұқыпты, өмірге де жауапкершілікпен қарайды.

Еңбекпен шыңдал, еңбекті бағала!

Қыз бала – үйдің көркі, еңбекке бейімділігімен мықты

Қазақ халқы ежелден қыз баланы ерекше қадірлеп, оларды нәзіктікке, инабаттылыққа, еңбекқорлыққа баулыған. Қыз баланың бойындағы өнер, тәрбие, іскерлік — оның болашақта жақсы жар, асыл ана, отбасын ұйытатын қамқор жан болуына бастайды. Сол себепті мектептегі еңбек сабағы қыз балалар үшін өте маңызды. Қыздарға арналған еңбек сабағында біз:

     •          Киім тігу, түйме қадау, кесте тігу;

     •          Тоқыма тоқу, қолөнер бұйымдарын жасау;

     •          Ұқыпты ас әзірлеу, дастархан жабу;

     •          Үй шаруасын дұрыс ұйымдастыру;

     •          Ыдыс-аяқ, киім күтімі мен тазалық сақтау;

     •          Азық-түліктің пайдасы мен денсаулыққа әсері туралы білеміз.

Бұл жұмыстар қарапайым көрінгенімен, әр қыз баланың бойындағы жауапкершілік пен сабырлылықты, ұқыптылық пен ептілікті дамытады.

Қазақ қыздары бұрыннан-ақ кесте тігіп, кілем тоқып, қонақ күтіп, үлкенге иіліп сәлем берген. Олар үшін еңбек – күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі болған. Ұлы ойшыл Қорқыт ата: «Қыз бала – гүл, оны аялап өсіру керек», – деген екен. Сол себепті қыз баланың жан сұлулығы мен еңбекқорлығы қатар жүрсе ғана ол шын

Қай істе де нәтиже болуы үшін қажырлы еңбек керек. Жас кезде еңбек ету — болашаққа салынған берік іргетас. Еңбек пәні – тек сабақ емес, өмір мектебі.

Біз бұл пән арқылы шығармашылығымызды дамытып, пайдалы істерге икемделеміз. Сондықтан әр оқушы еңбек сабағына белсенді қатысып, шын ықыласпен жұмыс істеуі керек.

Еңбек — бәрін жеңбек! Еңбекпен шыңдал, еңбекті бағала!

Бакирова Дина Әкімқызы,

 «І.Есенберлин атындағы №54 жалпы білім беретін мектеп» КММ көркем еңбек пәнінің мұғалімі.

Жетісай ауданы.

ЕҢБЕК ПӘНІ-ЖАЙ САБАҚ ЕМЕС

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған