
Мақсаты: Балалардың назарын жалпы әрекетке қатысу, тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру. Мерекелік көңіл- күй сыйлау, өзінің жақындарын қуанта білуге, мейрімділікке тәрбиелеу.
Музыка әуенімен балалар залға кіреді.

Жүргізуші: «Бар жақсылық, күллі әлемге тараған, аналардың ақ нұрынан жаралған» дей отырып қадірлі аналар, ардақты әжелер сіздерді көктеммен күлімдей келген халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілейміз.
Бүгінгі ортаңғы топ балаларының «Асыл Ана « атты ісшарамызға қош келдіңіздер. Мерекелік құттықтау сөз кезегін «Бейбарыс» балабақшасының меңгерушісі: Құттыбаева Айнұр апайымызға сөз кезегін береміз.
Жүргізуші:
Бесікте- Ана, Бесікте бөбек
Бірі тербеледі, бірі тербетеді, Бал- бөбек былдыр өсіп те келеді.
Анаға жалғыз сол жетеді. Ана, Ана қайран ана!
Тербейді Ана әлемдегі күлкіні, Нұр себеді аналардың кірпігі өліге де ояуға.
Тербейді Ана қуанышты, бақытты, тербейді Ана уақытты
Барлық әлем – бір-ақ бесік Ана үшін.
Бүгін Наурыздың сегізі, Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның, Анаға айтар лебізі
Армысын әжелерім, аналарым, Мейірбан аппақ көңіл даналарым
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен Құттықтайды сіздерді балаларың:
- Балалар әлемді ең жақсы, ең мейрімді, ең жүрегі жұмсақ кім екен?
- Б: Аяулы анамыз.
- Балалар айтыңдаршы. Бізді жақсы көретін, бар жақсыны беретін.
- Баласы әрдайым, мейрімін төгетін. Ол кім екен?
- Б: Анамыз.
Ендеше бәріміз бірге аналарды құттықтап қояйық
Хормен: Құтты болсын анашым, Құтты болсын мерекең!
- Ой балалар тыңдаңдаршы бізге қонақ келе жатқан сияақты. Қызық! Бұл кім болды екен?
Әуенмен залға көктем кіреді.
Көктем: – Сәлеметсіңдерме балалар, қонақтар! Айнала қандай тамаша! Балалар бүгін бәрің әдемі болып киініп келіпсіңдерғой. Міне мен сендерге асыға жеттім келе жатқан көктем мерекелерің құтты болсын.
Салем бердім нәзік, сұлу қыздарға
Сәлем бердім ержүрек бар ұлдарға.
Кездесуге асықтым мен сіздермен.
Биленсін би, айтылсын ән бұл залда.
Көктеммін мен! Мерекемен құттықтағым келеді.
Ақ әжелер, аялы бар аналар, Мерекеміз құтты болсын балалар!
Жүргізуші: – Сәлеметсіңбе Көктем! Сен біздің аналармызбен, қыздарымызды,және әжелерімізді 8- наурыз мерекесімен құттықтауға асығып жетіпсің. Көп рахмет саған! Төрлет ән тыңдап деміңді ал.
Ана деген өмірдегі ұлы есім,
Бақ тілесе анадай – ақ тілесін
Ана деген ардақты ат, сен оны,
Ана жайлы ән тыңдасаң білесің
- Біздің балалар аналарымызға арнап дайындалған әсем әнін тарту етеді.
Ән: «Құттықтаймын мама»
Жүргізуші: Сенен өскен балалар, Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті аналар- дей отырып балалардың аналарына арналған тақпақтарына кезек берейік.
Нурикамал: Аялаған анашым, мен саған тілерім
Қартаймашы анашым.
Азиз: Ана өмір шырағы, Ана өмір бұлағы.
Айсұлтан: Ақ сүт берген балаңа, күш- жігерін жұмсаған
Бұл өмірде жан ана, Тең келеді кім саған.
Бағым: Құтты болсын мерекең, Айналайын жан- анам.
Балауса: Мен анамды сүйемін, Анашымды ардақтап
Басымды оған иемін.
ИманАли: Құтты болсын мерекең, арта берсін берекең
Ардақты Анашым!
Ринат: Бесіктерін әнімен, тербетуде аналар
Жасай берсін сәнімен, Жер бетінде аналар.
Айым: Мәпелейсің мені анам, қолыідағы құсындай.
Жүргізуші: Тек қана Сіздер үшін аналар Би: «Ақ гүлдер»
Орындайтындар: Кәусар, Бағым, Балауса,Раяна,Аянат, және Раяна.
Көктем: – Жарайсыңдар қыздар! Тақпақтыда, әндіде,бидіде жақсы орындайды екенсіңдер.
Жүргізуші: – «Аналардың алдында асқар тауда аласа»- дейді халық, ендеше аналардың анасы сүйікті Әжелерімізге арнап балалар тақпақтарын айтып берсін.
Нурислам: Құлпыра өсіп дем алам, Құшағыңда қысылмай
Құтты болсын ақ-анам, сегізінші наурызың
Мансурхан: Мәпелеп мені өсірген, ризамын мен өзіңе
Ана деген керемет, Сыйлап өтем өмірде
Ұлан: Әр сөзіңді жаттаған, жүрегімде сақтаған
Анашым деп мақтанам, айналайын ақ мамам
Ерсайын: Бәрімізге анасың, біз үшін гүл болып жанасың
Кәусар: Ана сен бақыттысың, гүлің болып өсіп келем
Айша: Ана шаттық бақыт береді,
Анамен барлық адам бақытты болып жүреді.
Ө.Раяна: Анашым менің анашым, мейрімің қандай керемет
Анашым менің анашым.
Айшуақ: Келді шуақ шашып, сегізінші наурыз құтты болсын анашым.
Жүргізуші: – Мерекеге келді бүгін әжелер, Әжелерге әнде айтып беріңдер.
- Балалар әжелерге арнап ән айтып беремізбе ендеше ұл балдар ортаға шығайық тамашалаңыздар.
Ән: «Сенің Анаң алтын» орындайтындар ұлдар.
Бүгін сіздерге әнмен бірге биде дайындап келген екен ортаға бір топ әжелерді шақырайық.
Би: «Мейрімді әжелер» орындайтындар: Жақсылық, Әміре, Ұлан.
Жүргізуші: Жыласаң күн демейтін, түн демейтін
Қатеңді кешіретін, үндемейтін
Анаңның қадірін біл бар кезінде
Біреуге көру арман күнде кейпін
-Аналарымыз аман болсын, кезекті тағыда балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарға берейік.
Фатима: Менің анам ардақты, Алтыннанда салмақты.
Дамира: Жақсы көріп баласын, Мәпелейді анашым.
Әміре: Ақ сүт беріп өсірдің, түн ұйқыңды төрт бөлдің
Ризамын саған аншым.
Жақсылық: Анамды мен жақсы көрем, айтқан тілін алып жүрем.
Қасымда анам жүргенде, Шаттанып ойнап жүрем.
Раяна: Әжетай, әжетай, сізді жақсы көремін
Құтты болсын мейрамың, Құттықтаймын анашым!
Ибрахим: Ақ сүт берген анашым, ақылды менің анашым.
Нурали: Бәрімізге анасың біз үшін гүл боп жанасың
Құтты болсын мейрамың, құттықтаймын анашым!
Салих: Анашым анам, келгенше шамам.
Үмітіңді ақтап, Азамат болам.
Жүргізуші: – Бәрі жақсы ананың, бәрі оның керек-ау
Бірақ әрбір баланың, өз мамасы бөлек-ау – дей келіп балалардың аналарына арнаған әдемі билерін тамашалайық.
Би: «» орындайтындар: ИманАли, Ерсайын, Нурали, Айшуақ, Айша, Фатима.
Жүргізуші: – Көктем біздің балалардың билері әндері саған ұнап жатырма,
Көктем: – ияөте керемет.
Жүргізуші: – Ендеше қыздардың орындауында
Ән: «Сағындым әже» әнін тамашалаңыздар.
Көктем: – Қыздарымыз бүгін бірінен бірі әдемі болып кетіпті, құлпыра өскен қызғалдақтай болыпқандай керемет әндеріде әдемі.
Жүргізуші: – Ия Көктем біздің қыздар әдемі мың бұралған, олар тек әнші емес бишіде болады, ендеше ортаға мың бұралған биші қыздарды шақырайық.
Би: Флешмок – орындайтындар: Дамира, Нурикамал, Айым, Фатима.
Жүргізуші: – Құрметті аналар, әжелер бүгін біздің балалар өте қуанышты өйткені олар Аналарға гүл сыйлайықшы дейді, Анамыздың жүзінен қуанышты көргісі келеді. Ендеше ортаға ұл балдарды шақырамыз, балаларымыздың орындауында «Флешмок» Биін тамашалаңыздар.
Би: «Флешмоб»
Балалар Аналарға гүлдерін береді.
Көктем: – Қыздармен бір ойын ойнағым келеді,
Ойын: «Сыйлайыншы гүлімді»
Шарты: Аналарға гүл немесе тәтті сыйлауға болма, таңдау өздерінде болады. Балалар өз еркімен таңдап Анасына сыйға ұсынады.
Жүргізуші: – Қыздар ортаға келеміз
Көктем: – Біздің Аналарымыз керемет жандарғой бір жағынан кір жуады, тамақ істейді, сөйтіп жүріп балаларға қарайды бір деңе бұлдіріп қоймасын деп, осындай Аналармен бір ойын ойнасам деген едім.
Ойын: «Кім жылдам»
Шарты: Бір минутта баланың киімін шешіп киіндіру қажет.
Көктем: – Жарайсыздар! Менің кететін уақытым болды. Мен сендермен қоштаспаймын, әліде мен сендермен бірге боламын. Сендер мені далаға серуенге шыққанда көретін боласыңдар.Көріскенше сау болыңдар.
Музыка ырғағымен Көктем шығып кетеді.
Жүргізуші:Осымен біздің ортаңғы «Қарлығаш» тобының «Асыл Ана» ертеңгілігі аяқталды.
Қымбаттыда аяулы аналар менәжелер!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Әлемдегі ең сұлу, ең мейрімді, ең қамқор осы отырған сіздерсіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шатболсын, әрқашан аман болайық.
Фазылова Қарлыға
Жетісай ауданы, Қазыбек би ауылы, Қазыбек би а/о
МКҚК «Бейбарыс» бөбекжай-бақшасы.