Жарты күндік ассистент тәрбиеші-  психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің  жеке бағдарламасын дайындауға қатысады. Бұл кезеңде – топтағы іс әрекеттерде өзін-өзі ұстау және бағыну дағдыларын нығайтады, жол берілмейтін мінез-құлықты жою бойынша жұмысты жалғастырады, баланың мінез-құлқын бақылайды және топта достарымен қарым-қатынас жасауға көмек береді. Сонымен қоса асистент тәрбиеші оқу процесінде баланы қолдаушы, оған оқу бағдарламасын меңгеруде балаға көмектесетін көмекші.

    Асистент тәрбиеші қызметінің негізгі мақсаты:балаға бақша жағдайына бейімделуге және іс әрекетте де, іс әрекеттен тыс уақытта да бақша ережелері мен талаптарын орындауға көмектесу, топта іс әрекет уақытында өз бетінше және нәтижелі жұмыс істеуді үйрену.

     Сонымен қатар жарты күндік ассистент тәрбиеші тәрбиешіге көмек көрсету функциясын орындайды: оқу бағдарламасын бейімдеуге және даралауға, оқытудың әдістерін, арнайы оқу және дидактикалық құралдар мен материалдарды және т.б. таңдауға көмектеседі.

   «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы аясында іске асырылатын 2024-2025 жылдарға бекітілген жол картасы бойынша бақшамызға мектепке дейінгі ұйым педагогтарының мәртебесін көтеру, педагог жүктемесін азайту мақсатында Түркістан облысының білім басқармасының «Ғани Мұратбаев» атындағы Жетісай гуманитарлық техникалық колледжі» мемелекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының студенттері мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне жарты күндік ассистент ретінде ынталандыру жұмыстарын жүргізуде. Студенттер тәрбиелеу-білім беру процесінде стандарттың талаптарын ескеріп, үлгілік жоспарының нормативтік оқу жүктемесін орындау арқылы тәрбиеленушілердің қабілеттеріне, мүдделері мен қажеттіліктеріне сәйкес нысандарын, әдістерін, тәсілдерін, құралдарын қолдану арқылы практикалық жұмыстар атқаруда.

Ажибекова Жамиля Умирзаховна,

Жетісай ауданының білім бөлімінің

«Алпамыс  батыр» бөбекжай-бақшасы»

МКҚК-ның әдіскері.

ЖАРТЫ КҮНДІК АССИСТЕНТ ТӘРБИЕШІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған