
Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – нәтижелі білім беру, білім сапасын арттыру және рухани дүниесі бай жан – жақты дамыған тұлға тәрбиелеу, оқытудың жаңа технологиясын енгізі, білім беруді ақпараттандыру.
Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру мақсатында цифрлық технологияларды тиімді қолданудың жаңа әдістерін енгізу. Бұл тәсіл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, есеп шығару дағдыларын дамытуға және математикалық білімдерін өмірде қолдануға үйретуге бағытталған.

Цифрлық технологиялар бүгінгі күні білім беру жүйесінде маңызды рөл атқарады, әсіресе математика пәнінде. Оқушыларға сандар мен формулалардан тыс, математиканың шынайы өмірдегі қолданылуын түсіну үшін жаңашыл құралдар қажет. Мұғалімдер цифрлық құралдарды қолдану арқылы оқушылардың математикалық білімін жетілдіріп, оқу процесін интерактивті және тартымды ете алады. Бұл тақырып қазіргі заманғы білім берудегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған, өйткені цифрлық сауаттылық пен математикалық сауаттылық болашақтағы еңбек нарығында қажетті дағдылар қатарына кіреді. Оқушылардың логикалық ойлау және креативті дағдыларын дамыту, оларды есептеу машиналары мен бағдарламалау тілдері арқылы практикалық шешімдер табуға үйрету қазіргі білім беру бағдарламасының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Яғни бір сөзбен айтқанда оқушыларға математикалық сауаттылық есептерін цифрлық технологияларды пайдалана отырып, «Цифрлық математика шеберханасы» әдісін қолданып жеңіл, әрі көрнекті түрде жеткізу.
Мен жаңартылған білім мазмұнындағы сыныптарды сатылай оқыту кезеңінде баланың жас ерекшелігін ескере отырып, әдіс – тәсілдерді сараладым, сол әдістердің ішінен «Цифрлық математика шеберханасы» әдісін даралап, өз сабағымда қолдана бастадым.
1. Тақырыпты түсіндіру және мотивация
- Сабақ басында оқушыларға қысқаша теориялық бөлім ұсынылады, бірақ түсіндірме визуализация мен интерактивті платформалар арқылы беріледі (мысалы, GeoGebra немесе Desmos).https://www.desmos.com/calculator?lang=ru
Тақырыпқа байланысты өмірлік мысалдар келтіріп, олардың маңыздылығы түсіндіріледі.
2. Интерактивті тапсырмалар
- Оқушыларға тақырып бойынша цифрлық платформаларда интерактивті тапсырмалар беріледі. Kahoot, Wordwall немесе Matific сияқты платформалардан тесттер немесе викториналар жасауға болады.
3. Практикалық есептерді цифрлық құралдармен шешу
- Оқушыларға Wolfram Alpha немесе Photomath қосымшалары арқылы күрделі есептерді шешуге мүмкіндік беріледі. Мұнда олар шешімнің әр қадамымен танысып, алгоритмдерді талдайды.Бұл әдіс оқушыларға есепті шешудің түрлі жолдарын үйретіп қана қоймай, логикалық ойлауды дамытады.
«Цифрлық математика шеберханасы» әдісі – бұл оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру үшін цифрлық құралдар мен технологияларды пайдалануға бағытталған инновациялық педагогикалық әдіс. Шеберхана моделі оқушыларға күрделі математикалық ұғымдарды зерттеуге, есептерді визуалды және интерактивті түрде шешуге, жеке және топпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Г.ЖИРЕНБАЕВА, №44 «Жаңа дала» ЖББМ мұғалімі.