Балаларға канзаши әдістерімен раушан гүлін жасауды үйрету.  Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, қол икемдерін, қызығушылығын арттыру. Балалардың қолөнерге деген қызығуын оятып, ұқыптылыққа, жұмысты өз бетімен орындауға тәрбиелеу мақсатында А.Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектептің үйірмесінде «Канзаши әдісімен раушан гүлін жасау» тақырыбында ашық сабақ болып өтті.

Сабақ түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап,  машықтық әдісі -сарамандық жұмыс сөздік әдісі арқылы өтіп, эскиздер, дайын бұйымдар суреті көрнекілік ретінде қойылды. Сабақтың барысында алдымен оқушыларды ұйымдастырып алдым. Екінші тәрбие бағытында үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету керектігі жайында тәрбиелеік мәні сөздер мен әңгімелер айтылып, пікір  алмастық. Үшінші бөлім сергіту сәтінде  «Үлкенге – құрмет, кішіге- ізет» көрсету үшін біз саяхатқа шығу ойынын ойнадық. Төртінші өткен сабаққа шолу жасап,  Канзаши дегеніміз не? Канзаши қай елдің өнері? Канзашиды жасауға қандай құралдар мен материалдар қажет? Сұрақтарға жауап іздедік. Бесінші негізгі бөлімде жаңа сабақ түсіндірілді.

Одан кейін, сарамандық жұмыста канзаши әдісін пайдалана отырып, атлас лентадан немесе матадан раушан гүлін жасап үйрендік. Сабақ арасында қауіпсіздік ережесін түсіндіріп өттім. Оқушыларды сергіту үшін «Кім тез?» ойынын ойнадық. Ойында қате жазылған ою аттарын дұрыс жазып жарысты. Абақ жоғар деңгейде өтті.

Ж.Ж.ШҮКІРБЕКОВА,

Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты 

балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы қосымша білім беру педагогі.

ҮЙІРМЕДЕ ӨТКЕН АШЫҚ САБАҚ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған