«Назым-А» бөбекжай балабақшасының ересек «Балдырған тобында балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Көлік жайлы білімдерін қалыптастыру, аттарын, түрлерін ажыратуға үйрету мақсатында ашық сабақ болып өтті. Көлік түрлерінің суреттері, ойыншық машина түрлері, бағдаршам көрнекілік ретінде қойылды. Одан кейін, жылулық шеңбер жасалып балалар сәлемдесіп алды.

Одан кейін балаларға көліктерге қатысты жұмбақтар жасырып,әдемі жауаптар алдым.Сонымен қаатар, бірнеше көліктердің суреттерін көрсетіп, қандай түрге жататынын сұрап тұшымды жауаптар алып отырдым. Онда балалар әуеде, суда, жерде жүретінін айтып ажыратып берді.  «Бағдаршам» бөлімінде балалардан бағдаршамды не үшін, қай кезде қалай қолданатыны сұралды. Көңіл көтеру мақсатында би билетіп балалардың бойларын сергітіп алдым. Сонымен қатар балалардан жедел жәрдем көлігі кімдерге қызмет ететіні, жол полициясы қандай қызмет атқаратыны,  өрт сөндіретін машина қандай қызмет көрсететіні сұралды. Одан кейін, оқушыларды төрт топқа бөліп, «Көлік құрастыру» ойынын ойнаттым. Онда балалар қиылған дайын көлік суреттерін үлгіге қарап, құрастырды. Ұжымдық жұмыс барысында геометриялық пішіндерден машина жапсырып, түстерін және пішіндерін сұрадым. Бұл сабақтың бүлдіршіндерге берері мол болды.

Мейрамкүл ЖАРМАХАНБЕТОВА,

«Назым-А» бөбекжай

балабақшасының тәрбиешісі.

«ЖАРҚЫЛ МЕН ҒАЖАЙЫП КӨЛІКТЕР»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған