ЖШС «Толғанай» бөбекжай балабақшасында» Менің Отаным -Қазақстан»атты ерекше іс-шара өтті!Бүгін біз еліміздің ең маңызды мерекелерінің бірі-Қазақстан Республикасының күніне арналған мерекелік іс-шара өткіземіз! Біздің еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін тойлау үшін жиналдық.

Балаларға Отан туралы түсінік беру ,жаңа сөздермен таныстырып,сөздік қорларын байыту байланыстырып сөйлеуге үйрету есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту,Отанға деген құрмет, сүйіспеншіліктерін ояту .

Іс-шараның барысы:

Қазақстан республикасының күніне мерекелеу аясында біз сіздермен бірге біздің отанымыз туралы .

Түрлі көңілді ойындар ойнатылып, балалардың көңіл-күйін көтеру үшін арнайы жарыстар ұйымдастырылды.Балалар мен тәрбиешілер бірігіп жасаған қол өнер бұйымдары мен көрмесі де болды.

Рақмет айтқымыз келеді:

Осындай ерекше шараны ұйымдастырып балалардың жүрегіне қуаныш сыйлаған тәрбиеші:Султанова Нағимаға ерекше алғысымызды білдіреміз.Нағима апай еңбегімен балаларға деген махаббаты көрініп тұрды!

Мерекенің ең қызықты  әрі әсерлі сәттерін суретке түсіріп ,сіздермен бөлісіп отырмыз.

Балалардың жарқын күлкісімен таза қуанышы-біздің ең үлкен жетістігіміз!

«Менің Отаным -Қазақстан» әр баланың жадында ұзақ сақталатын,ерекше шара болды!

Н.Б.СУЛТАНОВА,

«Толғанай» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі.

«МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН» ІС ШАРАСЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған