Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісіне – аудандық құзырлы органдар мен денсаулық сақтау саласының басшылары, аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, қала, кент, барлық ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Жиында күн тәртібіндегі аудандағы қоғамдық-саяси ахуалдың жағдайы мен тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан шаралардың барысы туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Тамара Ташеваның, 1-қазанға бюджет қаражатының игерілуі, жоспарлы индикаторлық көрсеткіштердің және салық түсімдерінің орындалуы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Өмірзақ Дүйсебаев пен аудандық аумақтық салық басқармасының басшысы Серік Жасұзақовтың, Жетісай қаласының аумағын ұлғайтуға бөлінген 80 га аумақтағы құрылысы тоқтап тұрған 3 тұрғын үйдің құрылысын жалғастырып, пайдалануға тапсырылуын қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралар бойынша аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мырзабек Абишевтың, «Ауыл аманаты» жобасының іске асырылу жағдайы мен мақта терім науқанының барысы туралы аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Нұртас Тұрсынбековтың, коммуналдық мекемелердің қысқы жылыту маусымына дайындықтарының барысы туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетовтың баяндамалары тыңдалды.

Мәжіліс тәртібіне енгізілген әрбір мәселе бойынша жасалған баяндамаларды жіті тыңдаған аудан басшысы берілген хаттамалық тапсырмаларға немқұрайлы қарап, бекітілген мерзімде орындамаған барлық деңгейдегі басшылардың жауапкершілігі қаралып, тиісті шаралар көрілетінін ескертті.

Осы жиында берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Есен Алданиязовқа жүктелді.

АЙТЫЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған