Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында VIII шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті.

Бұл жиынға аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен жергілікті депутаттар, аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен аудандық полиция бөлімінің басшысы Әділбек Сапарбеков, аудан әкімінің орынбасарлары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары қатысты. Жиында аудан басшысының өзіне жүктелген міндеттері мен қызметтерінің орындалуы жөніндегі есебі тыңдалып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Сонымен қатар, Жетісай қаласының әкімі Нұрлыбек Бахтияров пен Жаңа ауыл ауылдық округінің әкімі Сұңғат Амангелдиевтің, аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Берік Мамбетовтың, аудандық полиция бөлімінің басшысы Әділбек Сапарбековтың жыл басынан бері атқарған жұмыстарының барысы айтылып, алдағы жоспарлары талқыланды.

Жетісай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 сәуірдегі №15-95-VІІІ «Жетісай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округ әкімдері апппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2024 жылы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізіліп, Жетісай ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия мен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы комиссияларының құрамы бекітілді.

Бірлескен отырыстың соңында VIII шақырылымдағы Жетісай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының күн тәртібінде талқыланған мәселелер алдағы сессияның қарауына жолданды.

Атап кетерлігі, елімізде биылғы қаңтар-қыркүйекте 12,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 6,2%-ға артық. 2024 жылдың 9 айында құрылыс жұмыстарының қарқыны 10,1%-ға дейін артты. Өсімнің жоғары көрсеткіштері Мемлекет басшысының тұрғын үй құрылысы, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым құрылысы, сондай-ақ инженерлік желілерді жаңғырту жөніндегі төрт ауқымды бастамасын іске асырудың арқасында қамтамасыз етілді. Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров атап өткендей, оң динамика 18 өңірде тіркелді, ең жоғары көрсеткіштер Шымкент қаласында, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарында байқалады.

АУДАНЫМЫЗДА ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған