2024 жылдың 19-20 қыркүйегі күндері аралығында Сауран ауданында, Түркістан облысының қалалық және аудандық спорт клуб мекемелері қызметкерлері арасында футзалдан біріншілік болып өтті. Аталған біріншілікке облыс көлеміндегі спорт клубтарынан барлығы 11 команда қатысты. Тартысқа толы өткен ойындардың нәтижесі бойынша Мырзакент спорт клубының қызметкерлері жарыс жеңімпазы атанды.

Ал, 27 қыркүйек – 1 қазан күндері аралығында Тараз қаласында Панкратионнан жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында Қазақстан Республикасының Кубогі өткен болатын. Тартысты өткен осы жарысқа Мырзакент кентінің спортшылары Зұлпан Данияр мен Сайлан Нұрлан облыс құрама командасы сапында өнер көрсетіп, қос спортшымызда жарыстың қола жүлдесіне қол жеткізді.

Сондай-ақ 9-11 қазан күндері аралығында Отырар ауданында қол добынан 2011 жылы туылған және одан кіші жасөспірім қыздар арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті. Аталған жарысқа аудан, қалалардан 6 команда қатысып өз бақтарын сынады. Тартысқа толы өткен ойындардың қорытындысы бойынша Мырзакент спорт клубының бұрымдылары облыс чемпионы атанып, спорт шебіне үміткер атағына қол жеткізді.

Жақында Атакент кентіндегі №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спорт залында даңқты бапкер, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Пашимов Орынбасар Мерқұлұлын еске алуға арналған волейболдан Республикалық деңгейдегі жарыс өткен еді. Аталған жарыста Мырзакент спорт клубының жас волейболшы қыздары финалдық кезеңге дейін жетіп, екінші орынға қол жеткізді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер жарыс демеушілері тарапынан кубок, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Тағы да бір қуанышты хабар – Мырзакент спорт клубының қыздар боксы бөлімінің спортшысы Ким Виолетта, Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында кикбоксингтен өткен Әлем кубогінде Қазақстан құрама командасы сапында өнер көрсетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді.

АУДАНЫМЫЗДЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ АБЫРОЙЛЫ ЖЕҢІСТЕРГЕ ЖЕТУДЕ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған