Ауданымыздағы Бірлік ауылдық округіне қарасты Алғабас елдімекенінде күрделі жөндеуден өткен Мәдениет үйі тұрғындардың пайдалануына берілді.

Жаңарып, жаңғырған мәдени нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Бақыт Асанов қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады.

Конкурстық құны 307 миллион теңгені құраған «Алғабас» мәдениет үйінің құрылысы 2023 жылы басталған еді «КазЖоба Консалтинг» ЖШС-і нысанды жобаласа, Мердігер «Allians & Arena» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізді.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өткізілген бұл ғимарат екі қабаттан тұрады. Мұнда 200 орындық концерт залы және үйірмелерге арналған бірнеше шағын залдар бар. 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, ғимаратта ауыл кітапханасы да орналасқан. Енді ауылдың кітапқұмар балалары бос уақытын осында өткізеді. Ауыл тұрғындары ескі мәдениет үйінің күрделі жөндеуден өтіп, жаңғырғанына қуанышты.  

Айта кетерлігі, бүгінгі таңда ауданымызда  9 мәдениет үйі бар. Қазіргі таңда Достық ауылдық округіндегі Ж.Қалшораев елді мекенінде және Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі Ынталы елді мекенінде мәдениет үйін салу жоспарланып отыр.

МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған